9 қыркүйекте сағат 08:00 шамасында «Батыс-Еуропа-Батыс-Қытай» тас жолының 325 шақырымында жол-көлік оқиғасы орын алды. Hyundai Solaris автокөлігінің жүргізушісі Алматыдан Тараз қаласы бағытында келе жатып, жол үстін кесіп өтпек болған отар қойды абайсызда қаққан.