1 ақпаннан бастап Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы ауқымды вакцинация жүргізілуде. Тараз қалалық N5 емханасының кардиологы Дастан Мирамов өлім қауіпін тудыратын жүрек-қантамыр жүйесі ауруларынан зардап шегетіндерге аурудан қорғайтын вакцинация алудың маңызы туралы айтып берді.
«Жүрек-тамыр жүйесінің патологиясы әрдайым инфаркт немесе инсульт алу қаупіне толы. Коронавирус мұндай пациенттер үшін бұл қауіпті одан да жоғары етеді. Тромбоздар, жүрек аритмиясы және жүрекжеткіліксіздігі инфекция жағдайында ауруханаға жатқызу қаупін шамамен алты есеге, өлім қаупін 12 есеге арттырады», — деді Д. Мирамов.
Ковидте, ең алдымен, қанның ұюы бұзылады, тромбтардың пайда болуы артады. Қан ұйығыштары қан тамырларының бітеп, тіндердің некрозын тудырады. Нәтижесінде – адам инфаркт немесе ишемиялық инсульт алады. Сондықтан жүрек-қан тамыр патологиясы бар науқастарға коронавирустық инфекциямен ауыру өте қауіпті, сол себепті олар өздерін жұқпалы аурудан қорғау керек.
Кардиологтың айтуынша, коронавирусты жұқтырмас үшін барлық белгілі алдын-алу шараларын сақтау керек. Сонымен қатар, негізгі жүрек-қан тамыр ауруын емдеу қажет. Маман сондай-ақ, гипертония немесе жүректің ишемиялық ауруы бар науқастар үшін емдеуші дәрігер тағайындаған дәрі- дәрмектерді үнемі қабылдау өте маңызды екенін еске салады. Кардиологтың кеңесінсіз емді өздігінен тоқтатуға немесе өзгертуге болмайды. Коронавирус жұқтырған жағдайда медициналық көмекке ерте жүгіну маңызды рөл атқарады.
Бірақ ауруды емдегеннен гөрі алдын алған тиімді. Сондықтан дәрігеркардиологиялық ауруы науқастарға коронавирустық инфекцияға қарсы екпе алуға кеңес береді. Вакцинация — коронавирусты жеңіл түрде өткізуге немесе мүлдем ауырмауға мүмкіндік береді.
Денсаулық сақтау басқармасының
баспасөз қызметі