Коронавирус бойынша эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасында өзгерістер пайда болды. Оған сәйкес, Жамбыл облысы «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа өтті. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының ресми сайтында хабарланды. Өткен тәулікте тағы 99 адамнан коронавирус инфекциясы анықталып, пневмонияның 27 жағдайы тіркелді. Ауру жұқтырғандардың басым көпшілігі Тараз қаласында тіркелген. Осылайша, жалпы облыс бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 18 110-ға жетіп отыр. Сонымен қатар, 15372 азамат сауығып шықты.
Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығы бас дәрігерінің орынбасары Ләззат Жаппарова коронавирустан қорғануға жануардың майы әсер ете ме деген сауалға жауап берген болатын. Оның сөзінше, жануарлардың майы халық медицинасында қолданылғанымен, мұндай майларды ішу арқылы адамның коронавирустан жазылып кететіні жөнінде нақты ғылыми дәлел жоқ. Сол себепті кез-келген жануардың майы коронавирустан емдеуге шипа болмайды дейді ол.
Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі