• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

АУДАН ТҮЛЕКТЕРІНІҢ ТЫНДЫРЫМДЫ ІСІ

12.11.2021
0
АУДАН ТҮЛЕКТЕРІНІҢ ТЫНДЫРЫМДЫ ІСІ
209
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Біртуар Алаш азаматы Міржақып Дулатов: «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды», – деген екен. Қай кезде болмасын, ұстаздар еңбегінің нәтижесі шәкірттерінің білімімен бағаланады. Ағымдағы оқу жылында Т.Рысқұлов ауданында 28 орта  мектепті  барлығы 712 оқушы 11 сыныпты бітіріп шықты.  Биылғы жылы аудан ұстаздарының қажырлы еңбегінің арқасында еселеніп «Алтын белгіні» ақтаған 27 түлек болса, 26 оқушы  «Үздік аттестат» иегерлері атанды. «Әдепті баланы өсірсең ауылдың абыройы, ақылды бала өсірсең алты Алаштың абыройы» дегендей он бір жыл мектепте үздік оқып, ата-ана мен ұстаздарының қуанышы болған мектеп бітіруші түлектер – ауданымыздың ғана емес, еліміздің мақтанышы. Олардың болашағынан ел-жұрты үлкен үміт күтеді.

Бала тәрбиесін дұрыс жолға бағыттайтын мектеп пен колледж ғана емес, балабақшаның да атқарар рөлі орасан зор. Балаға рухани тәрбие беретін бөбекжайлардың саны 24 болса, оның тоғызы жекеменшік иелігінде. Мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі 1-6 жас аралығында 88,2 пайызды, 3-6 жас аралығында 100 пайызды құрап отыр. Бөбекжайларда шағын орталықтарда 2637 жас жеткіншек тәрбиеленуде. Сонымен қатар, ауданда 5 қосымша білім беру мекемелері жұмыс істейді. Мұқан Төлебаев атындағы музыка мектебі және Олимпиада чемпиондары Ермахан Ыбырайымов пен Ислам Байрамуков атындағы спорт мектептері шәкірттерді халықтық өнер мен бұқаралық спорт түрлеріне баулып келеді. Құландық «жомарт түлектер» өз мектептеріне сый жасады

Облыс әкімінің бастамасымен аймақта жүзеге асырылып жатқан «Жомарт түлек-2021» жобасы аясында құландық түлектер туған мекенге, білім алған алтын ұя мектебіне ыстық ықыластарын танытуда.  Атап айтар болсақ, Жаңатұрмыс ауылындағы Қ.Сәтпаев атындағы орта мектебін бітірген 20 жылдық түлектер мектеп кіре берісіне Led экран орнатып, мектеп алды қоршауларын жасауға көмектесіп, 100 000 теңге көлемінде ІТ Кабинетін безендендірсе, Ә.Бөкейханов атындағы орта мектебінің түлектері өздері оқыған мектептің қақпасын заманауи құрылғылармен орнатып, әлеуметтік жағдайы төмен 5 отбасына қайырымдылық көмек көрсетіп, мектептің материалдық-техникалық базасын жақсартып қана қоймай, көпшіліктің ризашылығына бөленді.

Бұдан бөлек, осы жылы түлеп ұшқан түлектер аудан орталығындағы Шоқан Уәлиханов атындағы шағын орталықты орта мектебіне «Open space» кабинетін  ашып, алтын ұясына сый жасаған. Т.Рысқұлов ауданындағы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектептің әр жылдардағы оқу орнын бітірген түлектері, дәлірек айтқанда, 1969-2004 жылдар аралығындағы отызға тарта сынып бітірушілер бастама көтеріп, мешіт жанынан қайырымдылық қорын ашқан.

Материал Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша дайындалды

Тегтер: ауылшаруашылықкәсіпкерлікэкономика

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты