Бүгінгі уақыт талабы жоғары. Уақыт көші тек ілесуді ғана мақсат тұтқанды емес, жаңалықтарымен, ізденістерімен алға ұмтылғандарды шығарады. Бүгінде Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданының әлеуметтік-экономикалық және мәдени салалары қарқынды даму үстінде. Аудан аумағында халыққа керек барлық жағдай жасалған. Алдымен білім саласына кеңінен тоқтала кететін болсақ: аудан бойынша 38 күндізгі жалпы білім беру ошағы бар. Оның ішінде 28 орта, 2 негізгі, 8 бастауыш мектептері. Аталға 38 мектепте 2020-2021 оқу жылын 14 912 оқушы білім алған. Бұл 2019-2020 оқу жылымен салыстырғанда 353 оқушыға артқаның көрсеткіші.
Елбасы Н. Назарбаев халқымыздың болашағы туралы тереңнен толғай, «Мемлекетіміздің ең басты дүниесі тек қана табиғи байлық емес, сонымен қатар жасөспірім ұрпағы, өйткені олар- біздің ұлтымыздың болашақ айнасы» дегені мәлім. Ұcтaз еңбегiнiң қыр – cыры мол, қиын дa жaуaпты, шығaрмaшылық еңбек екендiгiн бaршaмыз мойындaймыз. Ауданда 1980 ұстаз бала бойына адамгершілік дәнін, білім нәрін сеуіп, қызмет етіп жүр. Оның ішінде 1865 педагог жоғары білімді болса, 115 педагог орта арнаулы білімді. Ауданда 38 мектепте санитарлық қағидалар толықтай сақталған. Білім беру мекемелерінің оқу кабинеттері мен ішкі санитарлық тораптары талап етілген санитарлық талаптарды толық қамтылған. Сондай-ақ, барлық мектептер мен балабақшаларда бейнебақылау құралдары орнатылған.
Пандемияға байланысты оқушылардың қалыпты білім алуына жағдай жасау мақсатында 250 дана планшет, 220 дана моноблок, 1159 дана ноутбук, 458 роутер алынып, оқушыларға пайдалануға таратылып берілген.Бұдан бөлек, аудандағы аз қамтылған, көп балалы отбасыларына демушілер есебінен 100 дана планшет табыс етілген.Жалпы білім беретін мектептердегі жекелеген санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге жалпыға міндетті білім беру қорынан әр балаға 25 мың теңге көлемінде жалпы 3072 балаға көмек көрсетілген. Соңғы жылдары арнаулы білім жүйесінде мүмкіндігі шектеулі балаларды сапалы біліммен қамту өзекті мәселенің біріне айналды.
Мәселелерді тұңғыш рет мемлекеттік деңгейде көтеріп, ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасында инклюзивті білім беру жүйесін дамыту жан-жақты қарастырылған. Инклюзивті білім беру – ерекше мұқтаждықтары бар балаларды жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті оқыту-даму мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыпты дамыған балалармен бірге әлеуметтендіру және интеграция үдерістерін жеңілдету мақсатындағы жеңілдетілген оқыту жүйесі. Аудан бойынша білім беру мекемелерінде ерекше білімді қажет ететін 108 оқушы, мектепте инклюзивті білім алатын 56 оқушы бар. Олар 100% оқулықпен қамтылған. 2021 жылдың қорытындысы бойынша 38 мектептің және 14 мемлекеттік балабақшаның бәрінде инклюзивті білім беруге жағдай жасалған. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға 401 мұғалім сабақ береді, оның 231-і арнайы курстан өткен.
Материал Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша дайындалды