Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, білім беру ұйымдарының өлкетану, экология және туризм бағыттары бойынша жұмыс жүргізетін білім қызметкерлеріне арналған «Өлкетану. Экология. Туризм» тақырыбында облыстық тамыз кеңесінің секция отырысы өтті.
Тамыз кеңесінің аясында ұйымдастырылған іс-шараға облыс аудандары мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, өлкетану, экология және туризм бағыттары бойынша жұмыс жүргізетін 278 педагог қатысты.
Секция отырысында «Өлкетану», «Туған өлке тарихы» курстарының мақсаты мен міндеттері, білім алушылардың өлкетанулық құзыреттілігін қалыптастырудың негізгі аспектілері, өскелең ұрпақты туризмге баулудың негізгі мәселелері туралы ақпарат пен әдістемелік ұсынымдар берілді.
Дереккөз – Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы