Білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Жалпы білім беретін мектептерде география пәнін оқытудың ерекшеліктері және жаңа оқу жылындағы міндеттер» тақырыбында тамыз кеңесінің аясында онлайн режимде география пәні мұғалімдеріне арналған секция отырысы өтті.
Аталған іс-шараға барлығы 199 педагог қатысты.
Секция отырысында сапалы білім беруде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру, оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру, «2021-2022 оқу жылында ҚР жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Дереккөз – Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы