Қазіргі уақытта Талас ауданы бойынша жалпы өндірілген өнімнің және қызметтердің көлемі 23 млрд. 608 млн.100 мың теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 103,4%-ға орындалған. Өнеркәсіп өнімдері 11 млрд. 848 млн. 100 мың теңгеге өндірілген. 2021 жылдың қаңтар-маусым айларында өңдеу өнеркәсіп өндірісінің көлемі 7768,2 млн теңгені құрады, яғни өткен жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісінің көрсеткіштері 1389,3 млн.теңгеге артып, 121,8 %-ға орындалған. Ал кәсіпорындарға келер болсақ, «Талас Инвестмент Компании» ЖШС-і 7330 тонна цианид натрий және 2111 тонна сульфат аммоний өндіріп, ақшалай 7919,7 млн тенгені құраған, яғни өткен жылмен салыстырғанда ақшалай 808,2 млн тенгеге артық, ал заттай цианид натрий 900 тоннаға артық орындалған. 2021 жылдың 6 айында натрий циониді 2,420 мың тонна экспортталды, сомасы 2575,1 млн.теңгені құраған. «Қаратау Про» ЖШС 2254 тонна карбонат кальций, 41080 тонна мәрмәр ұнтағын, ақшалай 376,18 млн тенгені құраған,яғни өткен жылмен салыстырғанда ақшалай 56,5 млн теңгеге, яғни 13,1 %-ға кем орындалған.
«Амангелді газ» ЖШС 65,4 млн текше метр табиғи газ және 3,6 мың тонна газ конденсатын өндіріп, ақшалай 2474,0 млн тенгені құраған. «Шолақтау» ЖШС 33,8 мың тонна ұсақталған фосфат шикізатын өндіріп, өткен жылмен салыстырғанда 100,0 пайызға орындалды. «Амангелді ГӨЗ» ЖШС 0,9 мың тонна газ өндіріп, ақшалай 287,485 млн тенгені құрады. Өткен жылмен салыстырғанда 100,0 пайызға орындалды. 2020 жылдың қаңтар-маусым айларына негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 9 млрд. 116 млн 900 мың теңгені құраса, былтырғы жылмен салыстырғанда 3 млрд.022 млн. 400 мың теңгеге артық орындалып немесе 149,6 пайызды құраған.
Индустриялық аймақ қатарына жататын Қаратау қаласының шығыс бетінде 3 км. арақашықтықта, Қаратау-Тамды тас жолының бойында, Тамды ауылдық округінің жерінде орналасқан. Индустриялық аймақ құру үшін Талас ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 15 тамыздағы №299 қаулысымен 20 гектар жер учаскесі бөлініп, қосымша Талас ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 17 шілдедегі №219 қаулысымен тағы 20 гектар жер учаскесі берілген және бүгінгі күнге, аймақтың жалпы жер учаскесінің ауданы 40 гектарды құрайды. Аймаққа бөлінген жер учаскесі Талас ауданы әкімдігінің «Игілік көпсалалы кәсіпорыны» коммуналдық кәсіпорнының басқаруына берілген. Индустриялық аймақтың Концепциясы жасалынған. Индустриялық аймақтың жер учаскесі жазық жер, аудан орталығына жақын орналасқан, төңірегінде автомобиль тас жолы өткен және маңында ірі кәсіпорын – «Talas Investment Company» ЖШС шоғырланған. Бұл кәсіпорыннан Индустриялық аймаққа инфрақұрылым тарту қолайлылық туғызады. Қазіргі таңда, 40 гектар жер бойынша аграрлық сала немесе басқа да салалар бойынша жобаларды шоғырландыру көзделуде. Сондай-ақ, Қаратау қаласының шығыс бетінде индустриялды аймақ орналасқан, нақты мекен-жайы Амангелді көшесі №38, ауданы 4,02 га құрайды. Қазіргі таңда Қаратау қалалық әкімінің аппаратының теңгерімінде. Индустриялды аймақ құру үшін Қаратау қаласы әкімінің ағымдағы жылдын 11 қыркүйегіндегі №136 шешімімен 4,02 га тұрақты жер пайдалану бойынша құқығы берілген. Индустриялық аймақтың жер учаскесі жазық жер, аудан орталығына жақын орналасқан, төңірегінде темір жол, автомобиль тас жолы өткен және маңында ірі кәсіпорын – «Каратау Про»ЖШС шоғырланған. Бұл кәсіпорыннан Индустриялық аймаққа инфрақұрылым тарту қолайлылық туғызады.
Ауданға инвестиция бойынша жұмыстары да жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Ауданда өнеркәсіп саласын дамыту мақсатында жалпы сомасы 35612,5 млн тенгенің 8 жобасы жоспарланып, оның ішінде 3735,2 млн тенгенің 2 жобасы 2020 жылы пайдалануға берілген. Ауданда құны 1867,6 млн. теңгені құрайтын, қуаттылығы 4,5 мВт болатын жел электр энергиясын өндіру мақсатындағы «Wind Power city» ЖШС-не Қызыләуіт ауылдық округінен 21 гектар жер учаскесі бөлініп берілді. Жоба ҚР Энергетика министрлігінің тізіліміне енгізілген. «Wind Power city» ЖШС тарапынан ауданға 1910,0 млн. теңге инвестиция тартылған. 2020 жылы құрылыс жұмыстары аяқталып, іске қосылған және 11 адам жұмыспен қамтылған. 2020 жылы 1,5 млн кват электр энергиясын өндірді. Жалпы құны 1867,6 млн. теңгені құрайтын, қуаттылығы 4,5 мВт болатын жел электр энергиясын өндіру мақсатындағы «Wind Electricity» ЖШС-не аудандағы Қызыләуіт ауылдық округінен 22 га жер учаскесі бөлініп берілген. Жоба Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің тізіліміне енгізілген. «Wind Electricity» ЖШС тарапынан ауданға инвестиция тарту мақсатында 2020,0 млн. теңге инвестиция тартылған. 2020 жылы құрылыс жұмыстары аяқталып, іске қосылды және 10 адам жұмыспен қамтылған. 2020 жылы 1,5 млн кват электр энергиясын өндірген. Ал жрспар бойынша жалпы биылғы жылға 15,5 млн кват электр энергиясын өндіру жоспарда бар.
Материал Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша дайындалды