• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Абырой

Жамбылдық полицейлер қолданысқа енгізілген жаңа заңнама талаптарын талқылады

23.08.2021
0
Жамбылдық полицейлер қолданысқа енгізілген жаңа заңнама  талаптарын талқылады
94
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – бұл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі. Мемлекет басшысының бұл тұжырымдамасы көптеген мәселеге қозғау салып, республика халқы тарапынан қолдау тауып отыр. Осыған сәйкес, биыл шілде айынан бастап Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік- процестік кодексі қолданысқа енгізілді.

Кодекс әкімшілік рәсімдермен және жария құқықтық қатынастар саласындағы дауларды шешу жөніндегі арнайы сот ісін жүргізумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған. Сонымен қатар, жаңа кодекс жоғары тұрған органда және сотта билік органдарымен дауларды қарау кезінде азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын қорғаудың тиімділігін арттыруға бағытталған.

Адамдарға қолайлы болу үшін жоғарғы тұрған органға шағымды төменгі тұрған орган арқылы берудің жеңілдетілген тәртібі енгізілген. Атап айтқанда, әкімшілік орган шағым түскен күннен бастап 3 күн
мерзім ішінде өзінің қателігін жөндеп, істі жоғарғы тұрған органға жолдамай-ақ, әкімшілік рәсімге қатысушы үшін қолайлы акт қабылдауға құқылы.

Бұл «адамдардың бұзылған құқығын жылдам қалпына келтіріп, олардың уақыттарын үнемдейді».
Жаңашылдықтардың бірі – енді өтініш берушінің оның өтінішін қараудың әрбір кезеңіне, оның ішінде түпкілікті шешім қабылдауға қатысуға құқығы бар.

Хабарламаларды, ұсыныстарды, пікірлерді және сұрау салуларды қарау оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібімен жүзеге асырылады. Әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік актіге, әкімшілік актіні қабылдауға байланысты емес әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасауға құқылы. Шағым, әкімшілік акті, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданып жатқан сәйкес әкімшілік орган, лауазымды тұлға атына беріледі.

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңға қарағанда жаңа кодексте дауларды әкімшілік әділет тәртібімен шешу реттеледі, яғни өтініштерді әкімшілік органның немесе лауазымды тұлғаның ғана қарау және жоғары тұрған әкімшілік органдарға шағымдану рәсімі ғана емес, сондай-ақ шағымдарды мемлекеттік соттардың кейіннен қарауы (әкімшілік сот ісін жүргізу)көзделген.

Биыл жаңа соттар құру туралы өкім шықты. Ол соттарда бүгінге дейін жалпы юрисдикциялық, сондай-ақ экономикалық және азаматтық соттарда қаралып келген мемлекет пен азаматтар арасындағы әкімшілік даулар қаралады.

«Мемлекеттік органның шешімімен келіспеген азаматтар осы сотқа талап арызбен жүгіне алады. Мемлекеттік орган сотта өз шешімінің, әрекетінің немесе әрекетсіздігінің заңдылығы мен негізділігін дәлелдеуге тиіс. Сот бұл дәлелдерден бөлек қосымша мәліметтер сұратып, дәлелдемелер жинауға құқылы. Сонымен қатар, жауапкерден сот шешімін орындауға процестік мәжбүрлеу шарасы ретінде ақша өндіріп алу көзделген, ол сот шешімі орындалғанға дейін бірнеше рет қолданылуы мүмкін. Жауапкер сот шешімін орындамаған жағдайда, ол жеке, лауазымды, заңды тұлға болсын немесе оның өкілі болса да, 50-ден 100 айлық есеп көрсеткішке (АЕК) дейінгі мөлшерде айыппұл төлеуге мәжбүр болады.

Қорыта айтқанда, осы заңнаманы енгізу құқықтық мемлекетті дамытуда маңызды қадам болуға және Қазақстан азаматтарының конституциялық құқықтарын қорғаудың тиімділігін неғұрлым жоғары деңгейге көтеруге тиіс,- деп атап көрсетті Жамбыл облысының Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Темірбек Асылбекұлы Оразымбетов.

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Жамбыл облысында азаматтық белсенділік пен адам құқықтарын ілгерілетуге бағытталған жоба аясындағы алғаш тренинг өткізілді

Жамбыл облысында азаматтық белсенділік пен адам құқықтарын ілгерілетуге бағытталған жоба аясындағы алғаш тренинг өткізілді

27.06.2025
«Қорғас» кеден бекетінде пара беру әрекеті тоқтатылды

Балабақшаларда педагогтердің еңбекақысы өсті

27.06.2025
Мемлекет өз міндеттемелерін толық көлемде орындап жатыр — Олжас Бектенов

Мемлекет өз міндеттемелерін толық көлемде орындап жатыр — Олжас Бектенов

27.06.2025
Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысты

Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысты

27.06.2025
БАӘ Жамбыл облысында екі жел электр станциясын салады

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

27.06.2025
АЭС құрылысын қай ел жүргізеді?

АЭС құрылысы қашан аяқталады?

27.06.2025
Ана тілі – ең басты байлығымыз

Ана тілі – ең басты байлығымыз

27.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты