Жамбыл облысында 18.08.2021ж. дейін тәулігіне – 5725 адам екпе алды, оның ішінде 1- айналымда 3015 адамға, 2 — айналымда 2710 адамға екпе жасалды. 18.08.2021ж. жағдай бойынша 1 рет барлығы – 330484 адам вакцинацияланды, бұл 582 мың адамның 56,8%-ды құрайды, оның ішінде 18807 — медицина қызметкерлері (5,7%), 37166 — білім беру ұйымдарының қызметкерлері (11,2%), 18950 – күш құрылымының мамандары (5,7%), 7308 — мемлекеттік қызметкерлер (2,2%), 13724 — студенттер (4,1%), 571 — әлеуметтік мекеме қызметкерлері (0,2%), 49931 — созылмалы аурулары бар тұлғалар (15,1%) және 184027 — басқалары (55,7%).
Екпе алған 330484 адамның, 252425 вакцинаның екінші компонентін алды. Вакцина алғандар тарапынан денсаулығына теріс әсер беріп, шағым келтіргендер тіркелген жоқ. Облыста ковидке қарсы вакцинацияның қалған бөлігі: «Спутник V» — 1 компонент 64055 доза және 2 компонент 36070 доза; «QazVac» 1 айналымына 198 дозаның және 2-ші айналымына 3880; «CoronaVac» — 1530 дозадан тұратын 2-ші айналымға; «Hayat-Vax» — 2 айналымына — 1311 доза. Синофарм VeroCell 1 тур — 21 579 доза. Вакцинация жұмыстары жалғасуда.
Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі