Жамбыл облысында 15.08.2021ж. дейін тәулігіне – 1711 адам екпе алды, оның ішінде 1- айналымда 1130 адамға, 2 — айналымда 581 адамға екпе жасалды. 15.08.2021ж. жағдай бойынша 1 рет барлығы – 321736 адам вакцинацияланды, бұл 582 мың адамның 53,3%-ды құрайды, оның ішінде 18708 — медицина қызметкерлері (11,4%), 36847 — білім беру ұйымдарының қызметкерлері (11,4%), 18911 – күш құрылымының мамандары (5,9%), 7203 — мемлекеттік қызметкерлер (2,2%), 12794 — студенттер (4 %), 571 — әлеуметтік мекеме қызметкерлері (0,2%), 47658 — созылмалы аурулары бар тұлғалар (14,8%) және 179044 — басқалары (55,6%).
Екпе алған 321736 адамның, 244302 вакцинаның екінші компонентін алды. Вакцина алғандар тарапынан денсаулығына теріс әсер беріп, шағым келтіргендер тіркелген жоқ. Облыста ковидке қарсы вакцинацияның қалған бөлігі: «Спутник V» — 1 компонент 38468 доза және 2 компонент 62431 доза; «QazVac» 1 айналымына 402 дозаның және 2-ші айналымына 3924; «CoronaVac» — 1583 дозадан тұратын 2-ші айналымға; «Hayat-Vax» — 2 айналымына — 1376 доза. Вакцинация жұмыстары жалғасуда.
Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі