Жамбыл облысында 09.08.2021ж. дейін тәулігіне – 6603 адам екпе алды, оның ішінде 1- айналымда 3064 адамға, 2 — айналымда 3539 адамға екпе жасалды. 09.08.2021ж. жағдай бойынша 1 рет барлығы – 305824 адам вакцинацияланды, бұл 582 мың адамның 52,5%-ды құрайды, оның ішінде 18556 — медицина қызметкерлері (6,1%), 36180 — білім беру ұйымдарының қызметкерлері (11,8%), 18856 – күш құрылымының мамандары (6,2%), 7010 — мемлекеттік қызметкерлер (2,3%), 11549 — студенттер (3,8%), 569 — әлеуметтік мекеме қызметкерлері (0,2%), 43477 — созылмалы аурулары бар тұлғалар (14,2%) және 169627 — басқалары (55,5%).
Екпе алған 305824 адамның, 231400 вакцинаның екінші компонентін алды. Вакцина алғандар тарапынан денсаулығына теріс әсер беріп, шағым келтіргендер тіркелген жоқ. Облыста ковидке қарсы вакцинацияның қалған бөлігі: «Спутник V» — 1 компонент 87209 доза және 2 компонент 56526 доза; «QazVac» 1 айналымына 1283 дозаның және 2-ші айналымына 4036; «CoronaVac» — 1 дозадан тұратын 1-ші айналымға 0 және 1716 дозадан тұратын 2-ші айналымға; «Hayat-Vax» — 1 айналымына 0 доза және 2 айналымына — 1538 доза. Вакцинация жұмыстары жалғасуда.