• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 17:39
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Болжамды сот төрелігі механизмдері

turan_admin turan_admin
09.08.2021, 16:16
Қоғам
Болжамды сот төрелігі механизмдері
135
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жоғарғы сотпен 2021 жыл «Болжамды сот төрелігі жылы» деп жарияланды. Сот жүйесін цифрландыруға серпіліс беретін, жасанды интеллект алгоритмдерінің жұмысына негізделген, сот жүйесіне талдаудың үшінші буынын енгізу жоспарлары іс жүзінде жарияланды.

Жаңа технологияларды енгізу қажеттігі, азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істерді қарау барысында сот арқылы кең көлемді түрлі ақпарат айналымымен байланысты болып отыр. Күн сайын мыңдаған сот актілері шығарылады. Қаралған әрбір істің мән-жайы, олардың қатысушылары, себеп-салдары және басқа да жағдайлары туралы көптеген ақпарат жиналады.

Істің нәтижесін оны қарауға дейін болжау мақсатында машиналық оқытудың IT сервисін, жасанды интеллектіні енгізу, жиналған ақпараттың массивінен (сот актілерінің банкінен) жүйелік заңнамалықты анықтауға және табылған фактілерге түсіндіру жүргізуге мүмкіндік береді.

Болжамды сот төрелігінің мәнін терең түсіну үшін оның жақын арада енгізілуін айқындап, қазіргі уақытта қолданылып жатқан, жинақталған ақпаратты талдаудың әдістеріне жеке тоқталуды талап етеді. Осылайша Жоғарғы Соттың ахуалдық орталығы электронды статистикалық деректерді жинақтап, салыстырмалы талдау жүргізіп келеді. Орталық сот төрелігін іске асыру жағдайы туралы түрлі есептерді құрастыруға, жүктеменің артуы немесе кемуін, келіп түскен, қаралған істердің динамикасын көруге мүмкіндік береді.

Жаңа технологияларды енгізу аясында «Сот кабинеті» сервисі ұсынатын қызметтерді кеңейтіп, оны іс жүзінде сот қызметтерін көрсетудің мамандандырылған виртуалдық орталығына айналдыру қажет. Істің қаралу нәтижесін пайыздық мөлшерде болжау сервисін құрастыру арқылы, олардың базасында «Сот кабинетінің» мүмкіндігін кеңейту.

Виртуалды сот қызметтерін көрсету орталығының кез келген пайдаланушысы жүйеден шығар алдында сотқа жүгінуге дейін өз өтініші бойынша іс нәтижесін болжай алады, ол істің қарау нәтижесін көруге мүмкіндік береді.

Талдау болжамасын енгізу негізделмеген талап арыздар санының азаюына және тараптардың бітімгершілік (медиация) арқылы шешілген істер санының артуына алып келеді.

Істің аяқталуын болжау қызметін «Сот кабинетінде» чат бот (виртуалды робот) арқылы жүзеге асыруға болады. Даудың санатын автоматты сервис арқылы роботтың анықтау мүмкіндігін күшейтіп, талап арыздан бастап, сот шешімін орындаудың тәртібі мен тәсілін өзгертуге арналған өтініштерді жасау, сотқа жүгінуге арналған тиісті процестік құжаттарды азірлеу мүмкіндігін береді. Даудың соттылығы туралы ақпаратты, мемлекеттік бажды төлеу тәртібін, сот актілерін даулаудың механизмдерін және процестік мерзімдерді қалпына келтірудің, сотқа дейінгі дауды реттеудің артықшылығын, кәсіби заңгерлердің көмегінсіз қарау мүмкіндіктерін түсіндіреді.

Жасанды интеллект элементтерін пайдалану виртуалды сот қызметі орталығының мүмкіндіктерін толықтыра отырып, сот мәжілісіне қашықтықтан қатысуға мүмкіндік берумен қатар, сот талқылауын басқа тілге аударуға ықпал етеді. Сот мәжілісінің здік тану қызметі арқылы мәтіндік форматқа тікелей аударма жасай алады. Осы жағдайда сот органдарымен байланыс орнатуға арналған мамандандырылған мобильдік қосымшаны әзірлеу қажеттігі пайда болады. Ол сот мәжілістеріне қашықтан қатысуға мүмкіндік беріп, тұлғаны визуалды куәландыруға және сот кабинетінің барлық мүмкіндіктеріне жол береді, мысал ретінде Smart Sot Mobil бағдарламасын атауға болады.

Жасанды интеллект элементтерін енгізу механизмдері судьяларға шешім қабылдауға көмек беріп, соттардағы іс қағаздарын жүргізуді жеңілдетеді. Электронды құжат айналымын ұйымдастыруға көмек көрсетеді. Осылайша заман талабына сай жасанды интеллект элементтерінің алгоритімін енгізу сот төрелігінің болжамдық сипатын арттыруға, сот төрелігіне қолжетімділікті жеңілдетуге бағытталған және сот төрелігінің сапасын көтеріп, азаматтардың сенімін арттырады.

Райхан Ратова, Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кеңсесінің бас маманы

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Айдархан Қалиев, дизайнер, «Aspara» брендінің негізін қалаушы:   «Бір көйлекті сапалы етіп шығару үшін мың рет толғанамын»

Айдархан Қалиев, дизайнер, «Aspara» брендінің негізін қалаушы: «Бір көйлекті сапалы етіп шығару үшін мың рет толғанамын»

03.09.2026, 12:23
Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

«Сайлау қорытындыларына күмән келтіруге негіз жоқ» – Азаматхан Әміртаев

24.08.2026, 15:50
«ХАЛЫҚ ҮНІ» САҚАДАЙ САЙ: ТАРАЗДА ТӘУЕЛСІЗ БАЙҚАУШЫЛАР ДАЯРЛЫҚТЫ АЯҚТАДЫ

«ХАЛЫҚ ҮНІ» САҚАДАЙ САЙ: ТАРАЗДА ТӘУЕЛСІЗ БАЙҚАУШЫЛАР ДАЯРЛЫҚТЫ АЯҚТАДЫ

21.08.2026, 20:05
Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (7–13 тамыз 2026)

Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (7–13 тамыз 2026)

14.08.2026, 20:55

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.