Жамбыл облысы Меркі колледжі 10130300-«Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша 3W10130302 «Аспазшы», 3W10130301 «Кондитер-безендіруші», 4S10130303 «Кондитер-безендіруші» біліктілігі бойынша мамандарды даярлайды. 2020-2021 оқу жылында колледжде «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандықтары бойынша әдістемелік бірлестікте 4 оқытушылар мен 10 өндірістік оқыту шеберлері бар. Олардығ қатарында жоғары санатты – 1, бірінші санатты – 2, екінші санатты – 7 оқыту шеберлері қызмет атқаруда.
Студенттердің білім алуына жағдай жасалып, мамандық бойынша аспаз жабдықтарымен, материалдық техникалық базасымен қамтылған. «Тамақтандыруды ұйымдастыру» теориялық кабинеті мен «Тамақтандыруды ұйымдастыру» шеберханасы студентердің игіліне қызмет етуде. 2020-2021 оқу жылындағы «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша 124 студент білім алуда. «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша студенттер модульдық және дуалдық оқыту бойынша білім алып, колледждің серіктестіктері: «Ақ сарай», «Алтын сарай», «Тау самалы», «Меркі», «Алтынай»ж т.б. тойханалар мен кәсіпорындарынан тәжірибеден өтеді.
«Worl dSkills Merke-2021» колледжішілік, экономикалық өсім мен дербес даму үшін құзіреттердің маңыздылығын көрсету, кәсіби құзіреттерді арттыру, жоғары білікті мамандардың дәрежесін көтеру мақсатында бітіруші түлектері мен 2 курс студенттері арасында, «Наубайхана ісі» құзреттілігі және «Аспаздық ісі» құзреттілігі бойынша чемпионат өткізілді. «Наубайхана ісі» құзреттілігі бойынша Жорабекова Аида Ғалымжанқызы І орын , Асилбекова Замира Абикуловна ІІ орын , Маралова Лаура Жолдасбайқызы ІІІ орын иеленді. Нәтижесінде «WorldSkills Taraz-2021» облыстық чемпионатына Жорабекова Аида Ғалымжанқызы жолдама алды. Ал «Аспаздық ісі» құзреттілігі бойынша Көшікбай Нұрғиса Бекайдарұлы І орын, Куаныш Жібек Асыланқызы ІІ орын, Дубовец Анна Андреевна ІІІ орын иеленді. Нәтижесінде «WorldSkills Taraz-2021» облыстық чемпионатына Көшекбай Нұргиса Бекайдарұлы жолдама алды. Колледжде студенттерді ғылым мен техниканың әртүрлі саласындағы өнертапқыштық, зерттеу жұмыстарына тарту, талантты жастарға қолдау көрсету, тұлғалық шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» атты колледжішілік инновациялық идеялар байқауына 1-2-3курс студенттері қатысып, өз бұйымдарымен таныстыру ұйымдастырылып келеді.
Мамандар даярлау сапасын анықтау,білімдер мен дағдыларды бекіту және тереңдеу, бойынша ең дарынды педагогтарды және өндірістік оқыту шеберлерін анықтау мақсатында «ПРОФИ-2021» колледжішілік байқауы өткізілді..Чемпионат ережесіне сай тапсырмаларды кезең-кезеңімен Техникалық қауіпсіздік ережелерінің сақтап, құрал жабдықтар мен құрылғыларды талапқа сай пайдаланып; Тапсырманы белгіленген уақыттан кешіктірмей орындап; Тапсырманың көркемдік және техникалық сапасын өте жақсы дәрежеде орындап,чемпионатта қатысушыларға құзіреттіліктерге байланысты кезең-кезеңмен деңгейлік тапсырмалар орындады. Байқаудың қорытындысында «Аспаздық ісі» құзреттілігі бойынша Шәріпхан Жансая Асанқызы І орын, Мамикова Нағима Шарипбаевна ІІ орын , Борибаева Назира Кыдыралиевна ІІІ орын иеленіп, «Профи-2021» облыстық чемпионатына Шәріпхан Жансая Асанқызы жолдама алды. Оқу орынында «Жас маман-2021» колледжішілік байқауына «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша Г.Рахметова қатысып, бас жүлдені иеленді.
«Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Педагогтердің ІТ құзіреттіліктерін дамыту және жетілдіру» біліктілікті арттыру курсынан Аденова Эльмира, Ақылбаева Асель, Байболатова Гульхан,Шарипхан Жансая,рахметова Гулзат, Ошақбаева Гүлназ,Мамикова Нагима, Орынбасар Жания, Құралбаева Нұрсауле,Қайралаповп Алуа, Бөрібаева Назира өтті. Оқу орынының өндірістік оқыту шебері Аденова Эльмира және Шәріпхан Жансая «Жас маман» жобасы аясында ашылған «Құзреттілік орталығының қызметі» тақырыбында техникалық және кәсіптік білім мекемелерінің «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының педагогтар үшін өткізілген облыстық семинарға қатысып, сертификат иеленді. Жамбыл облыстық жастар ресурстық орталығында «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңын іске асыру, жастардың кәсіби шеберлігін қолдау және дамыту, жастарды жұмысшы мамандықтарға тарту, еңбек нарығында олардың «ПРОФИ 2020» облыстық байқауында «Аспазшы номинацичсы бойынша» Қайралапова Алуа ІІІ дәрежелі дипломмен және Рахметова Гулзат ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 2020-2021 оқу жылында колледж қызметкерлері аудандық, облыстық, қалалық деңгейдегі басылымдарға мақалалар беріп, жариялады. Мәселен, Куралбаева Н. «Продемонстрировали свое мастерство», Орынбасар Ж. «Бүгінгі жас маман — ертеңгі ұлағатты ұстаз!», Кайралапова А. «Тәуелсіздік – тұғырым!», Шәріпхан Ж., Аденова Э. «Оқытушылар сайысқа түсті», Ошақбаева Г. «Кәсіпті игеру- нәсіпті болу», Бөрібаева Н «Үздік жас маман – 2021», Мамикова Н. «Қазақ асханасының тағамдары», Аденова Э. «Манты ассортименті», Ошакбаева Г. «Оқыту жүйесі-білім мен өндіріс бірлігінің ж/е болаш-ақ маман даярлаудың негізі» , Шәріпхан Ж. «WORLDSKILLS- жұмысшы мамандарды сапалы даярлаудың жаңа сатысы», Ошақбаева Г. «Инновациялық технология-ларды қолдану- білімгерлер-дің білім сапасын арттыру-дың кепілі», Шәріпхан Ж. «Қазақтың ұлттық тағамдары» тақырыбында мақалалар бұқаралық ақпарат беттерінде жарық көрді.