Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны күн сайын артып келеді.
2021 жылдың 3 — тамызындағы жағдай бойынша, облыс аумағындажалпы COVID-19 індетінің 13 168 жағдайы, пневмонияның – 6001 жағдайы тіркелген.
Ағымдағы жылдың 3 тамызы сағат 07:00-дегі ақпарат бойынша инфекциялық стационарларда (3490 төсек орын) – 2156 ( 62%-ға толтырылған), о.і. 153 реанимацияда (338 орындар 45%-ға толтырылған) науқастар ем қабылдауда.
Карантиндік құрылымдарға 66 тұлға (170 төсек орындардың толуы 39%) орналастырылған.
Елімізде аурудың өсуінің басты себебі — Үндістанның коронавирус штаммы – «Дельта» болып табылады.
Аталмыш ауру клиникасының ерекшеліктері — инкубациялық кезеңнің 5 күнге дейін қысқаруы, ішек белгілерінің басымдығы, індеттің тез дамуы, жас науқастар санының көбеюі, балалар мен жүкті әйелдер сырқатының ауыр ағымы.
Үндістанның коронавирус штаммы өкпеге басқаларға қарағанда тезірексер етеді, тіпті алғашқы үш күнінде науқас жансақтау бөлімінде болуы мүмкін. Сондықтан да, бүгінгі күні азаматтардан ЖРВИ-дің алғашқы белгілері байқалған сәтте (мұрынның бітелуі, бастың ауруы, дене қызуының көтерілуі, сүйектердің сырқыруы, шаршағыштық), барлық жұмысты тоқтатып, үйде қалып медициналық көмекке жүгіну талап етіледі.
Жаңа штамм қосымша белгілермен сипатталады — асқазан-ішек бұзылыстарының пайда болуы (тәбеттің жоғалуы, іштің ауруы, құсу, диарея), есту қабілетінің төмендеуі, буындардың ауруы.
Мұндай жағдайда тұрғылықты жеріңіз бойынша емханаға қоңырау шалу қажет, сізге мобильді топ келеді.
Медицина қызметкері келгенге дейін:
— үйде болыңыз;
— қорғаныс бетпердесін киіңіз;
— жылы шай ішіңіз.
Дәрігердің қарауынан кейін:
— үйде болыңыз;
— медицина қызметкерінің тағайындауы бойынша дәрі қабылдаңыз;
— кем дегенде 2 литр таза су ішіңіз;
— ішпен жатыңыз;
— көп демалыңыз;
— өзіңізді басқалардан оқшаулаңыз.
Егер жағдайыңыз нашарлап тыныс алуыңыз қысқарса, кеудеде ауырсыну байқалса, дене қызуыңыз 38,5 градустан жоғары болса, тез арада жедел жәрдем шақырыңыз.
Республиканың Бас санитарлық дәрігерінің Қаулысымен тағы да шектеу шаралары енгізілді. Жағдайдың ауырлығын ескере отырып, біз өткен жылы енгізілген шектеулерге оралуға мәжбүрміз.
Бүгінде әлемнің көптеген елдерінің дәрігерлері өз мүмкіндіктерінің шегінде жұмыс істеп келеді, ковидтік төсектердің қосымша ұлғаюына байланысты жоспарлы медициналық көмек көлемі қайтадан қысқаруда. Жедел жәрдем қызметі үлкен ауыртпалықты бастан кешуде.
Облыс тұрғындары қауіпсіздік шараларын сақтау қажет екенін түсінуі керек. Олар:
— қоғамдық орындарда бетперде кию;
— 1,5-2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау;
— жеке гигиена шаралары;
— тойлардан, мерекелік іс-шаралардан бас тарту, шектеу іс-шараларының талаптарын сақтау.
Есіңізде болсын!
Вакцинация – ең тиімді қорғаныс.
Егілгеннен кейін де адам COVID-19-бен ауыруы мүмкін, бірақ ағым жеңіл өтеді. Сондықтан, ауруға қарсы егілген дұрыс және қажет екенін естен шығармаңыз.
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!
Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі