2021 жылдың 13 шілдесінде сағат 10.25-те Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының «101» телефон нөміріне Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жанатас қаласы 4 м/а көпқабатты тұрғынүйдің жанында тал және тұрмыстық заттардың өртенгендігі жөнінде хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына Жаңатас қаласы №16 өрт сөндіру бөлімінен 1 дана өрт сөндіру техникасы мен 3 адам жеке құрам шыққан. Оқиға орнына жеткен от жауынгерлері өрттің көпқабатты тұрғынүй пәтерінің балконына таралғандығын анықтап, жедел түрде өрт сөндіру жұмыстарын атқарып, нәтижесінде өрттің пәтер ішіне таралуының алдын алған. Оқиға орыннан 5 адам қауіпсіз орынға көшірілді. Өрттен зардап шеккендер жоқ. Өрт аумағы 40 шаршы метрді құрады. Қазіргу уақытта өрттің шығу себебі анықталуда.
Сондай-ақ дәл осы күні сағат 13.17-де Сарысу ауданы, Жаңатас қаласындағы жағажайда 2001 жылы туған жігіт суға шомылу кезінде өзінің күшін асыра бағалап, нәтижесінде суға бата бастаған. Ал бұл уақытта аталған су көзінде кезекшілік атқарып тұрған Жедел құтқару қызметінің құтарушылары әлгі жігітті судан құтқарған. Суға батқан адамды жедел құтқарған құтқарушылар шұғыл түрде алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсетуді де естен шығармаған. Нәтижесінде суға батқан адам медициналық қызметті қажет етпегендіктен үйіне қайтарылған.
Осыған орай Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департменті таныс емес және рұқсат етілмеген су көздеріне шомылуға болмайтындығын ескертеді. сондай-ақ қоқысты өртеу барысында өрт туындамас үшін міндетті түрде жиналған су оры бар ыдыс болуын қадағалап, үйден шығарда газ және электр құралдарын сөндіріп, балаларды қараусыз қалдырмау қажеттігін еске салады. Өз өміріңіз өз қолыңызда екендігін ұмытпаңыз.
Жамбыл облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы