2021 жылдың 19 маусымында Қазақстан полициясының 29 жылдығына орай Динамоспорт кешенінде Жамбыл облысының күш құрылымдары арасында шағын футболдан турнир өтті.
Аталған жарысқа ҰҚКД, ТЖД, ҚАЖД, ПД, Тараз қ.ПБ, облыстық прокуратура, 5513 ә/б және басқа да құрылымдардан 13 команда қатысты. Турнирдің салтанатты ашылуына Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Жанат Сүлейменов қатысты. Өз сөзінде ол қызметкерлерді алдағы Қазақстан полициясы күнімен құттықтап, жарысқа қатысушыларға айқын жеңіс пен таза ойын тіледі.
Жарыс екі алаңда өтті, әр тайм 10 минутқа созылды. Командалар 4 топқа бөлінді. Финалдық ойында Жамбыл облысы ҰҚКД және Полиция департаментінің құрама командалары кездесті. 1:0 есебімен ҰҚКД
командасы жеңіске жетті, екінші орынды Полиция департаментінің қызметкерлері иеленді. Үшінші орын үшін ДГД және Тараз қаласы Полиция басқармасының құрама командалары күресті. 3:0 есебімен ДГД командасы жеңіске жетіп, 3-ші орынды иеленді.
Жарыс қорытындысы бойынша Үздік шабуылдаушы номинациясының үздік ойыншылары анықталды, олар Ерік Сүлейменов (ПД командасы), Үздік ойыншы- Эльдар Баймешев (прокуратура командасы), Ардагерлер арасындағы үздік ойыншы- Сапар Абдраманов (ІІО ардагерлер командасы).
Барлық номинанттар естелік мүсіндермен, ал жүлдегерлер мен жеңімпаздар медальдарға , кубоктарға , дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.