Енді Жамбылда «Қазпошта»-да халыққа қызмет көрсетудің әмбебап терезелері ашылмақ. Бұл туралы бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ ЖОФ директорының орынбасары Данияр Медетбеков айтты.
Электрондық көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді және сервистерді азаматтар тарапынан өз бетінше алу мүмкіндігін ары қарай дамыту мақсатында облыс шеңберінде «Қазпошта» АҚ Филиалымен бірлесіп бөлімшелердің негізінде қызмет көрсетудің әмбебап аймақтарын ашу бойынша Жол картасы әзірленген. Аталған жобаны жүзеге асыру мақсатында «Қазпошта» АҚ Филиалы бөлімшелері қызметкерлерін оқыту жұмыстары жүргізілуде.- деді спикер.
Елімізде мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 687 құрайды. Оның 659-ы Мемлекеттік корпорация арқылы, 629-ы «Электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетіледі. Жамбыл облысында бұл қызметтерді көрсетуге 16 фронт-офис қатысады.
«Биыл жыл басталғалы 5 айда облыс бойынша 471 228 қызмет, оның ішінде 1 236-сы электронды негізде көрсетілген. 2020 жылдың 5 айымен салыстырсақ, 347 545 қызмет, оның 1 349-ы электронды негізде көрсетілген. Аз болуына себеп — карантиндік шаралардың енгізілуі. Сондықтан былтырғы жылдың сәуір және мамыр айларында Халыққа қызмет көрсету бойынша бөлімдері толық жұмыс атқармады. Ағымдағы жылдың 5 айында Бірыңғай байланыс орталығы операторларымен 130 940 қоңырау қабылданып, кеңестер берілді. Электрондық үкімет арқылы онлайн қызмет көрсететін және азаматтарды мобильдік базасына тіркейтін бейне-ассистенттерге арналған секторы арқылы, барлығы 192 748 бейнеқоңырау қабылданып, 95 485 азамат Азаматтардың мобильдік базасына тіркелді.– деді Данияр Медетбеков.
Көлік жүргізушілердің ыңғайлылығы үшін Таразда мамандандырылған бөлімінде Egov.kz Электрондық үкімет Порталында жүргізуші куәліктерін үйіне дейін жеткізу сервисі қосылған. Азаматтар бөлімдерге келе алмайтын жағдайда «Сіздің жеке менеджеріңіз» бизнес жобасын іске қосқандығын хабарлаймыз.
Бүгінде Таразда 11 өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары жұмыс жасайды. Облысымыздың 10 ауданында жоғарыда аталған мекемелерде барлығы 255 өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары ашылған. Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына үйлеріне барып қызмет көрсету мақсатында «Help desk» бағдарламасы жасалды. Оның қызметтері 1 және 2 топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, мүгедек балаларға, ҰОС ардагерлері мен 70 жастан жоғары егде адамдарға көрсетіледі.






