Қарасора-2021 республикалық жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Жамбыл облысының Полиция департаменті Е сірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Қаратау қаласында жергілікті тұрғынын ұстады, оның жазғы ас үй бөлмесіне тінту жүргізу кезінде үш литрлік шыны ыдыстан жалпы салмағы 1 келі 123 грамм кептірілген марихуана есірткі заты табылып, тәркіленді.
Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындады, Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды — деді Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.






