Сұрақ: Мұсылман болған адамға ең алдымен “Лә илаһә иллаллаһ, Мухаммәдун расулуллаһ” сөзінің мағынасын білуі және сенуі парыз ба?
Жауап: Иә, парыз. Бұл кәлимаға “кәлима-и тәуһид” делінеді. Қысқаша мағынасы: “Аллаһтан басқа жаратушы жоқ, Мұхаммед алейһиссалам Оның Расулы” дегенді білдіреді.
Мұсылмандардың әр мезетте айтып жүретін кәлимаи тәуһидтің құндылығы өте зор. Хадис-шәрифтерде былай делінген:
«“Лә илаһә иллаллаһ” деген адам бәле мен қиындықтардан құтылады» (Бәззар)
«“Лә илаһә иллаллаһ” деп көп айтып имандарыңды жаңалаңдар!» (Табарани)
«Амалдардың ең құндысы “лә илаһә иллаллаһты” айту» (Хаким)
«Зікірдің (Аллаһты еске алудың) ең құндысы – “лә илаһә иллаллаһ” деу.» (Нәсаи)
«“Лә илаһә иллаллаһ деп айту 99 бәленің алдын алады. Олардың ең төмені – қиыншылық» (Дәйләми)
“Менің және басқа да пайғамбарлардың айтқан ең үстем нәрсесі – “лә илаһә иллаллаһ” сөзі.» (Тирмизи)
«“Лә илаһә иллаллаһ” деген адамның күнәлары жойылып, орнына соншалықты мөлшерде сауап жазылады.» (Әбу Йала)
«“Лә илаһә иллаллаһ” – жаннаттың кілті» (И. Ахмед)
«“Лә илаһә иллаллаһ” деген адам сөзінде садық (берік) болса, барлық күнәлары кешіріледі» (И. Ғазали)
«Өлім халіндегілерге “лә илаһә иллаллаһ” деп айтуын талқын етіңдер, оларды жаннатпен сүйіншілеңдер. Шайтанның адамға ең жақын сәті осы уақыт» (Әбу Нуайм)
«Ауыр халдегі науқасты “лә илаһә иллаллаһ” деп айтқызу үшін қинамаңдар, тек есіне салып тұрыңдар» (Дара Кутни)
«Соңғы сөзі “лә илаһә иллаллаһ” болған адамның рухы оңай шығады және ол сөзі қияметте өзіне нұр болады.» (Хаким)
«Ахиретпен дүние арасынан ахирет таңдалғанда “лә илаһә иллаллаһ” сөзі Аллаһтың ашуынан қорғайды. Ал дүние таңдалғанда “лә илаһә иллаллаһ” деген кезінде Аллаһу та’ала “өтірік айтасың, сөзіңде садық (берік) емессің” деп бұйырады» (Бәйһақи)
«“Лә илаһә иллаллаһ”деп жүрген адамды істеген күнәларына байланысты кәпір демеңдер! Оған кәпір деген адамның өзі кәпір болады» (Бұхари)
«Күнде 100 рет “лә илаһә иллаллаһ” деген адамның жүзі қиямет күні толған айдай болып жарқырайды.» (Табарани)
(Жүзіншісінде “Мухаммәдун расуллуллаһ” деп қосып айтқан жақсы болады. Тәжуидпен оқылғанда “Мухаммәдур-расулуллаһ” делінеді.)
«Харамнан қашып, ықыласпен “лә илаһә иллаллаһ” деген адам жаннатқа кіреді» (Хатиб, Табарани)
«Ықыласпен “лә илаһә иллаллаһ” деген адам жаннатқа кіреді. Ықыласпен айту – калиманыайтқан адамды харамнан алшақтатуы.» (Табарани)
Ықылас – жүректе (көңілде) Аллаһ сүйішпеншілігінен басқа нәрсеге орын қалдырмау, жүректі басқа нәрселерден тазалау деген сөз. Хадис шәрифтерде былай делінген:
«Аллаһу та’аланың бір екендігіне иман келтіріп, серік қоспастан ықыласпен намазын оқып, зекетін берген адамнан Аллаһ разы болады.» (Ибн Мажә)
«Ықыласпен амал етіңдер! Аллаһу та’ала тек ықыласпен жасалған амалды қабыл етеді.» (Дара Кутни)
«Ғибадаттарды ықыласпен орында! Ықыласпен жасалған аз амал қияметте саған жеткілікті болады” (Әбу Нуайм)
«Ғибадаттарын ықыласпен жасағандарға сүйінші болсын! Бұлар хидаят жұлдыздары. Фитналардың қараңғылықтарын жояды.» (Әбу Нуайм)
«Қырық күн ықыласпен ғибадат еткен адамның жүрегінен тіліне хикмет бұлағы құйылады.» (Әбушшәйх)
Сұрақ: Хатми тәһлил деген не?
Жауап: Кәлимаи тәуһид немесе тәһлил дегеніміз “лә илаһә иллаллаһ” деген сөз. 70 мың рет кәлимаи тәһлил айтуға “хатми тәһлил” делінеді.
Мазхар Жан-и Жанан хазреттері бір қабірдің басына отырғанында: «Бұл қабірде жаһаннам оты бар. Хадис шәрифте: «Өзі үшін немесе басқа мұсылман үшін 70 мың кәлимаи тәуһид айтқан адамның күнәлары кешіріледі» делінген. Бұл адамның рухына хатми тәһлил сауабын бағыштаймын. Иншаллаһ, кешірілер» деді. Хатми тәһлилдің сауабын бағыштағаннан кейін «Әлхамдулиллаһ, мына күнәһар әйел кәлимаи тәһлилдің арқасында азаптан құтылды» деді. (Мақамати Мазхарийа)
70 мың кәлимаи тәуһидті бір адам немесе бірнеше адам оқуына болады. (Мәнахиж-ул ибад)
Хатми тәһлилдің тірі адамдарға да пайдасы көп. (Мәкатиби шәрифа)
Сұрақ: Кәлимаи тәһлилді минутына осыншама рет айтылады деп жобалап санауға болады ма?
Жауап: Жоқ. Бұлай санағандарды есепке алмау керек.
Сұрақ: Кәлимаи тәһлилді 99-шысы ма? 100-шісі ма? деп шатастырған адам 99 деп қабылдаса жаиз ба?
Жауап: Иә.
Сұрақ: Белгілі мөлшерде кәлимаи тәһлилді айтқан соң, нақты санын білмей одан да көп айтуға бола ма?
Жауап: Әрине, өте жақсы болады.
Сұрақ: Кәлимаи тәһлилдің әрбір 100-інде “Мухаммәдун расулуллаһ” деп айтуды ұмытып кетсе, қандай да бір зияны бар ма?
Жауап: Зияны жоқ.
Сұрақ: Кәлимаи тәһлилді оқып шатасқанда, басынан бастап айтуға бола ма?
Жауап: Иә.
Сұрақ: Намаз оқығанда, төсекте жатқанда дұға немесе кәлимаи тәуһидті оқыған кезде ауызша емес, іштен, дауыс шығармай оқу дұрыс па?
Жауап: Қыраат деп ауызша оқуды айтады. Өзі еститіндей дауыспен оқуға жай оқу делінеді. Қасындағы адамдар еститіндей дауыстап оқуға жоғарғы дауыспен оқу делінеді. Жай дауыспен оқыған адамдың дауысын бір-екі адамның естуі мәкрух болмайды. Дауыстап оқу деген көп адамның естуі деген сөз. (Бәззазийа)
Өзі еститіндей дауыспен оқылмаған намаз сахих (дұрыс) болмайды. Дұға еткен кезде де өзі еститіндей дауыспен оқуы, айтуы керек.
Кәлимаи тәһлилді де ғибадат сауабына қауышу үшін тілмен (аузын қимылдатып), өзі ести алатындай дауыспен айтуы керек. Хатми тәһлилді оқығандардың да ең болмағанда өзі ести алатындай дауыспен оқулары керек. Кәлимаи тәһлил ғибадат ретінде емес, жүректі (көңілді) тазалау үшін оқылған кезде тілсіз, іштей жүрекпен айтылады. (Рәдд-ул Мухтар)
Хатми тәһлил
Сұрақ: Хатми тахлилдің, яғни 70 мың кәлимаи тәуһидтің тек өлілерге ғана пайдасы бар ма?
Жауап: Хатми тәһлилдің өлі-тірі барлығына да пайдасы бар. (Мәкатиби шәрифа)
Теледидар көріп отырғанда
Сұрақ: «Теледидардан жаңалықтар және осыған ұқсас нәрселерді көріп отырғанда тәсбих тарту күнә болады» дегендіктен анам да теледидар көріп отырғанда тәсбих тартпайды. Күні бойы теледидар алдында отырады, тәсбих тартудан махрұм қалады. Теледидар көріп отырғанда тәсбих тарту күнә ма?
Жауап: Теледидар көріп отырғанда адамның көңілі жаңалықтарға немесе басқа да нәрселерге ауып кетеді. Теледидар көрмей, басқа нәрселерді ойлап отырып тәсбих тарту да дәл солай. Сондықтан ғафлетпен бос отырғаннан гөрі тәсбих тартуды жалғастыру жақсы болады.
Тәсбих тартқан кезде
Сұрақ: Бірнеше рет есептедім, жарты сағатта неше, бір сағаттың ішінде қаншалықты кәлимаи тәуһид айта алатынымды білдім. Мысалы: 10 минутта 500 кәлимаи тәуһид айта алады екенмін. Минутына орта есеппен 50 рет. Егер 40 минут тәсбих тартатын болсам, 2000 рет айта алады екенмін. Осындай болжаммен тәсбих тартудың зияны бар ма?
Жауап: Намаздан соң тартылатын 33-тік тәсбихтер сияқты мөлшері (саны) білдірілгендерге әдейі кем немесе артық қосып оқуға болмайды. Есепке кіретін тәсбихтерге мұндай болжаммен тартылған тәсбихтер есепке алынбайды. Есепке кірмейтін зікірлерде болжаммен, тіпті еш санамастан, болжамастан да тәсбих тартудың зияны жоқ.
ДЕРЕККӨЗ: https://www.islamdini.kz/articles/888