• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 17:47
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Праймеризде Жуалының тәжірибесіне айрықша назар аударылды

turan_admin turan_admin
26.04.2021, 19:29
Азаматтық қоғам институттары
Праймеризде Жуалының тәжірибесіне айрықша назар аударылды
4.4k
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Өткен жылы «Nur Otan» партиясында өткізілген партияішілік іріктеуде 2019 жылы пилоттық режим ретінде Жуалы ауданда өткізілген праймериздегі тәжірибе ескерілген. Бұл жайында  Nur Otan» партиясы аудандық филиалының ХХIX есеп беру-сайлау конференциясында партия аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Анар Ахметова мәлімдеді.

– Соңғы 2 жылдағы филиал жұмысындағы жаңа леп әкелген шара ретінде   «Nur Otan» партиясының партиялық ішілік праймериз өткізуін айтуға болады. 

Партия ішіндегі көшбасшыларды таңдау мен іріктеуге бағытталған шара пилоттық режимде  Жуалы ауданынан бастау алып, онда жинақталған тәжірибе республиканың түкпір-түкіріне тарады, – деді аталған жиында жасаған баяндамасында Анар Садыққызы. 

Жуалы ауданындағы Қарасаз ауылдық мәдениет үйінде өткен «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының ХХIX есеп беру-сайлау конференциясына аудан әкімі Олжас Қаржауов,  «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық  филиалы төрағасының орынбасары Мәди Мәтен қатысты. 

Конференция күнтәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша партияның облыстық филиалы төрағасының орынбасары Мәди Мейірбекұлы сөз алып,  Партия Жуалы аудандық филиалының төрағалығына партия мүшесі, Жуалы ауданының әкімі Олжас  Қаржауовтың кандидатурасын ұсынды. Конференция делегаттарының ортақ шешімімен Олжас Есалханұлы   «Nur Otan» партиясы Жуалы аудандық филиалының төрағасы  болып сайланды. 

Мұнан соң партия Жуалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Анар Ахметова сөз сөйлеп, саяси ұйымның бастамасымен соңғы жылдары атқарылған жұмыстардың есебін берді. 

  • Партияның Жуалы аудандық филиалына қарасты 19 бастауыш партия ұйымы, 112 партиялық топ бар. Оларда 4564 партия мүшесі есепте тұрады. Тек ағымдағы жылдың І тоқсанының өзінде партия   облыстық филиалының төрағасы Бердібек  Сапарбаевтың тапсырмасына сай партия қатары ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік саласында қызмет жасайтын 75 мүшемен толықты. 

Есепті кезеңде партия аудандық филиалының 5 кезектен тыс конференциясы, 4 Саяси кеңес пен 15 Саяси кеңес Бюросы отырыстары өтті. Соңғы 2 жылдағы филиал жұмысындағы жаңа леп әкелген шара ретінде   «Nur Otan» партиясының партиялық ішілік праймериз өткізуін айтуға болады. 

Партия ішіндегі көшбасшыларды таңдау мен іріктеуге бағытталған шара пилоттық режимде  Жуалы ауданынан бастау алып, онда жинақталған тәжірибе республиканың түкпір-түкіріне тарады, – деді Анар Садыққызы. 

Партияның Жуалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары сондай-ақ өзі жетекшілік жасайтын аудандық мәслихаттағы депутаттық фракцияның жұмысына да тоқталып өтті. 

«Nur Otan» партиясынан партиялық тізіммен сайланған 11 депутаттан тұратын  фракция партияның  Жуалы ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асыруды басты назарға алған. Бұл орайда фракция мүшелерінің қатысуымен аталған бағдарламаны жүзеге асырудың Жол картасы әзірленіп,  ондағы әрбір индикаторлық көрсеткішке жауаптылар бекітілген. Сонымен қатар Жуалы ауданы бойынша сайлауалды бағдарламаның орындалуын партияның аудандық филиалы жанынан құрылған 7 қоғамдық кеңес өз бақылауына алған. 

Есепті мерзімде партиялық жобалар аясында 96 іс-шара өткізілсе, оған 3450  адам қатысты. Партия мүшелері  елімізде коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу мақсатында жарияланған төтенше жағдай кезінде де мұқтаж азаматтарға көмек көрсетті. 

Өткен жылдың мамыр айында Түркістан облысы Мақтарал ауданынының су тасқыны салдарынан зардап шеккендерге де жуалылық «нұротандықтар» да алғашқылардың бірі болып көмек қолын созды.  

Аймақтың 1200-ге жуық жасын біріктірген «Jas Otan» жастар қанатының да жұмысы жүйелі жүргізіліп жатыр, – 

Партия аудандық филиалының қоғамдық қабылдауына есепті мерзімде 685 өтініш түсіп, оның  52 пайызы оң шешімін тапты. Қалған өтініш иелеріне заң шеңберінде түсініктемелер берілген,– деді А.Ахметова. 

Партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Анар Ахметованың баяндамасынан соң  «Бауыржан Момышұлы» бастауыш партия ұйымының төрайымы, аудандық мәслихат депутаты Эльмира Абишева, «Аудандық тұтынуышылар одағы» бастауыш партия ұйымының төрайымы Ақбота Қаңтарбаева, Жуалы аудандық мәслихатының депутаты   Мейіржан  Телеушов жарыссөз шығып, партияның аудандық филиалының есепті кезеңде атқарылған жұмысын қанағаттанарлық деп бағалады. 

Конференцияда  «Nur Otan» партиясы Жуалы аудандық филиалы Саяси кеңесінің құрамын бекіту, партияны облыстық филиалының ХXVIII есеп беру-сайлау конференциясына делегаттар сайлау  мәселелері де күнтәртібіне қойылды. 

Жиында қорытынды сөзді алған  «Nur Otan» партиясы   облыстық филиалы төрағаның  орынбасары Мәди Мәтен саяси құрылымның жергілікті жердегі жұмысын жетілдіруге қатысты мәселелерге тоқталып өтті. 

 Облыста «Nur Otan» партиясы Тараз қалалық және аудандық филиалдарының есеп беру-сайлау конференциялары басталды. Саяси құрылымның соңғы 2 жылда атқарған жұмысының қорытындысы шығарылып, алда тұрған межелі міндеттер сөз болатын жиындар алғаш болып Жуалы, Меркі аудандарында ұйымдастырылды. 

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Таразда ҚХА медиация институтын дамытуға арналған семинар-тренинг өтті

Таразда ҚХА медиация институтын дамытуға арналған семинар-тренинг өтті

31.08.2026, 16:36
Таразда «Үміт шуағы» жобасы аясында «Зорлық-зомбылықсыз отбасы – бақытты қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Таразда «Үміт шуағы» жобасы аясында «Зорлық-зомбылықсыз отбасы – бақытты қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

31.08.2026, 16:30
«Әділет» партиясы Жамбыл облысындағы үгіт-насихат науқанын қорытындылады

«Әділет» партиясы Жамбыл облысындағы үгіт-насихат науқанын қорытындылады

25.08.2026, 17:25
«Халық үні» тобы: Өрескел заң бұзушылықтар тіркелмеді

«Халық үні» тобы: Өрескел заң бұзушылықтар тіркелмеді

24.08.2026, 14:19

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.