Ағымдағы жылдың 6 сәуірінде полицияға облыс орталығының 43 жастағы тұрғыны белгісіз тұлға еркін қол жеткізу арқылы үйден жасырын түрде «Самсунг» маркалы ұялы телефонын, 16 000 теңге көлемінде теңгесі бар әмиянын және ас үй ыдысының жиынтығын ұрлап кеткені туралы хабарласты.
Аталған дерекке қатысты Тараз қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.
Жедел — іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары күдіктіні — жәбірленушінің 29 жастағы көршісін анықтап, жеткізді.
Тергеу барысында ұсталған азамат көршісімен бірге алкогольдік ішімдіктер ішу барысында онымен сөзге келіп қалғанын, мойындады. Осыдан кейін үй иесінің назарының басқа жаққа ауғанын пайдаланып, жәбірленушінің жеке заттарын ұрлаған.
Тергеу амалдары жүргізілуде.