Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына жастар да үлкен үлес қосуда. Әр түрлі салада жетістіктерге жетіп жүрген белсенді жастар «Әулиеата үміті – 2020» сыйлығымен марапатталды.
Бейсенбі, 24 желтоқсан күні «Баласағұн» орталық концерт залында өткен кездесуде аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев үздік жастарды құттықтады.
Номинанттарды құттықтай отырып, облыс әкімі Жастар жылы мен Еріктілер жылы жетістіктер мен жаңа мүмкіндіктердің жарқын бастамасы болғанын атап өтті.
Өңір басшысының айтуынша, 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясатын дамыту саласындағы жұмысты жандандыру мақсатында «Әулиеата жастары» өңірлік бағдарламасы бекітілген. Бағдарлама NEET жастардың санын, жұмыссыздық деңгейін төмендету, жас отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар көзделген.
— Облысымызда осындай жан-жақты және мақсаты биік жастардың болғаны қуантады. Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаудың арқасында біз сіздерге барлық жағдайларды жасауға тырысудамыз. Бүгінде өңірде жастар саны 230 мың адамға жетті десек, бұл жалпы халықтың 21 пайызын құрайды. Мен жастардың 70 пайызы ауылдық жерлерде тұратындығын атап өткім келеді. Сондықтан біздің барлық күш-жігеріміз ауыл жастарының білім сапасын арттыруға, олардың әлеуетін ашуға бағытталған. Осы орайда көптеген мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда, оның бірі – «Болашақ». Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен сонау қиын уақытта бастау алған бағдарлама көп ұзамай-ақ өз нәтижесін бере бастады. Бірнеше жамбылдық студенттер әлемдегі ең беделді шетелдік университеттерде білім алу мүмкіндігіне ие болса, бүгінде олар ел игілігі жолында тер төгуде,-деді Б.Сапарбаев.
Коронавирустық пандемия халықтың денсаулығына мұқият назар аудару қажеттілігін айқындап берді. Бұл тұрғыда аймақ басшысы халықты дене шынықтыруға және спортқа тарту бойынша жұмысты күшейту керектігін атап өтті. Биыл 13 спорттық нысанның, 90-ға жуық ашық спорт алаңдарының құрылысы қолға алынған. Әр адам спортпен өз денсаулығы үшін айналысуы тиіс.
— Бүгінде біз болашаққа жоспар құрғанда жастар көшбасшыларының, олардың күш-жігерін, өңірді түлетуге деген қызығушылы, талаптарын ескермеу мүмкін емес. Мемлекеттің болашағы бүгінгі жастардың қалай қалыптасуына байланысты, — деп санайды аймақ басшысы.
Іс-шара барысында жамбылдық жастар өздерін толғандырған мәселелер бойынша өз ұсыныстарын білдірді.
«Жайдарлы жастар» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ханмырза Бакирамов барлық белсенді жастарды біріктіріп, Жамбыл облысының «Әулиеата жастары» атты КВН командасын құруды ұсынды.
— КВН-де ойнайтын өнерлі жастар кинолар мен басқа да тележобаларға түсуде. Олар барлық қоғамдық-әлеуметтік тақырыптарды қамтиды. Бұл салада жетістікке жету үшін бізге қолдау қажет. КВН командасының құрылуы біздің облыстың беделін арттырады, — деп сендірді ол.
Облыс әкімі бұл бағыттағы жұмыстар қазірдің өзінде жүріп жатқанын айтып, идеяны қолдады. Жақын уақытта барлық белсенді жастарды біріктіретін жаңа Жастар орталығының құрылысы басталады. Мұнда 100 адамға арналған конференц-зал, коворкинг залы, электронды кітапхана, IT орталығы, ағылшын тілін оқыту, көшбасшылықты дамыту және SMM орталықтары, дыбыс жазу, фото және видео студиялары және тағы басқалары болады.
Кездесу соңында облыстық «Әулиеата үміті» жастар сыйлығының лауреаттарын марапаттау салтанатты өтті.
Марапатталғандардың қатарында «Үздік жас журналист» номинациясы бойынша жеңіске жеткен «AULIEATA-MEDIA» ЖШС-нің қызметкерлері, Жамбыл облыстық «Знамя труда» газетінің тілшісі Лола Нұрматова, «Үздік жас ақын» номинациясы бойынша марапатталған «ARAI» газетінің бөлім меңгерушісі Нұржан Қадірәлі де бар. Бұдан бөлек, тележурналист, ғалым, мұғалім, дәрігер, актер, мемлекеттік қызметкер салалалары бойынша үздік жастар аталған сыйлықпен марапатталды.
Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі