25 желтоқсан күні сағат 16-36-да Байзақ ауданында, «Алматы-Ташкент» трассасының 597 км-де, жол бойында азық-түлік дайындау кезінде салынып жатқан құрама жем зауытының жұмысшылары үшін асханаға бейімделген гараж түріндегі бокстарда газ баллонының (50л) жарылуы орын алып, кейіннен өрт болып, 150 шаршы метр алаңда орын алды. Жарылыс нәтижесінде бокстардың бетон қабырғасы мен 2 ішкі кірпіш қалқандары қирады. Оқиға нәтижесінде 1966 ж.т. және 1960 ж. т. азаматтар күйік алып, ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды, өрт 17 сағат 2 минутта ауыздықталып, 17 сағат 22 минутта жойылды.
Оқиға орнында ТЖД 22 қызметкері және 6 бірлік техника жұмыс істеді, сондай-ақ өрттің себебін анықтау үшін орынға жылжымалы өрт-техникалық зертхана жіберілді.
Еске саламыз ! Түрлі сипаттағы жарылыстар мен өрт қауіпті жағдайларды болдырмау үшін газ баллондары қауіпсіздік тұрғысынан сауатты сақталуы және пайдаланылуы тиіс. Бұл қатаң ережелермен реттеледі, оларды сақтамау ауыр айыппұлдар мен қайғылы салдарға әкелуі мүмкін.
Жамбыл облысы ТЖ департаменті