• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНА 5,4 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНГЕН

29.09.2019
0
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӨНЕРПАЗДАРЫ ТҮРКИЯДА ӨНЕР КӨРСЕТЕДІ
919
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Халықтың мәдениетін арттырып, ұлттық өнерімізді өркендетуге үлес қосып отырған облыс көлеміндегі мәдениет, архив мекемелерінің саны 524 (2018 жылы 549 болған – 11 клуб, 14 кітапхана жабылды). Оның 26-сы басқармаға қарайды, қалған 498-і Тараз қаласы мен аудан әкімдіктеріне бағынысты. Оның ішінде 190 мәдениет үйлері мен клуб мекемелері, 274 кітапхана, 2 облыстық драма театрлары,  облыстық филармония, 2 кинотеатр, 8 музей, облыстық халық шығармашылығы орталығы, облыстық кино орталығы, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы, 12 архив мекемелері.

2019 жылы мәдениет саласын қаржыландыруға 5,4 млрд.теңге бөлінді, 2019 жылдың 1 шілдесіне 3,2 млрд. теңге игерілді. Ағымдағы жылы 9 мамыр – Ұлы жеңіс күніне орай «Даңқ» залы ашылып, ел игілігіне қолданысқа берілді. Жамбыл облысы бойынша елді мекендерді мәдениет нысандарымен қамту және олардың халыққа қызмет көрсету деңгейін арттыру картасына сәйкес 2019-2021 жылдары 26 елді мекенде клуб ғимараттарын соғу жоспарлануда (2019 ж. — 8, 2020 ж. — 8, 2021 ж. — 10).

Көне қаланың тарихи кескінін қайта жаңғыртып, туристердің назарын аудару мақсатында шығыстық үлгіде «Шахристан» этно-тарихи кешенінің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Онда «Руханият және тарихтану» орталығы, тарихи-өлкетану музейі, көрме орталығы, көркемсурет галереясы, амфитеатр, жергілікті қолөнершілердің шеберханасы, т.б. нысандар орналасатын болады.

Сондай-ақ, «Тектұрмас» тарихи-этнографиялық кешені салынып, онда ортағасырлық үлгідегі қорғаныс бекінісі тұрғызылып, өткен ғасырларда облыс аумағында болған ірі тарихи оқиғалардың панорамасы көрініс табатын болады. Атап айтқанда, ислам дінінің Орталық Азияға тарауында шешуші рөл атқарған Атлах шайқасының, тәуелсіздігімізді сақтап қалуда ерекше орны бар Аңырақай шайқасының және Қазақ хандығының алғаш туы тігілген Қозыбасыдағы салтанатты сәттердің көріністері де айшықталады.

Тектұрмастың ең биік шоқысынан «Әулиеатаның» тұлғалық ескерткіші орнатылып, ескерткішке апарар баспалдақтың екі жағында Түрік қағандарының аты-жөні жазылған тас тұғырлар орнатылады.

Облыстың 80 жылдығы қарсаңында облыстық қазақ драма театрының алдына А.Тоқпановтың, «Баласағұн» орталық концерт залының алдына К.Әзірбаевтың ескерткіштерін орнату, «Тараз арена» спорт кешенінің алдына «Спорт саңлақтарының» аллеясын, Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінің жанындағы саябақта «Өнер жұлдыздары» аллеясын ашуды жоспарлап отырғаны бәрімізді қуантты. Облыс атын иеленген Жамбыл бабамыздың жеке музейін ашу да өңір үшін үлкен абыройлы іс болмақ.

TURANINFO.KZ

Танымал жаңалықтар

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

09.07.2026
0

Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

10.07.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

10.06.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты