Мырза-Ғали Эльмира Иниятқызы «Жамбыл-Тараз» газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директор-бас редакторы.
Мырза-Ғали Эльмира Иниятқызы Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Амангелді ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті, қытай тілі» мамандығы бойынша бітірген. Ғылыми атағы — филология магистрі.
Еңбек жолын 2001-2002 жылдары Тараз қаласындағы №45 гимназияда мұғалім және облыстық халық шығармашылығы орталығында редактор болудан бастаған. 2002-2004 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында оқытушы болып қызмет істеген. 2005 жылдың сәуір айынан 2006 жылдың тамыз айына дейін «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ Жамбыл облыстық филиалында редактор, тақырыптық хабарлар бөлімінің аға редакторы, облыстық радионың аға редакторы қызметтерін атқарған. 2006 жылдың тамыз айынан бастап қалалық «Жамбыл-Тараз» газетінің бас редакторы қызметіне тағайындалды.
Мырза-Ғали Эльмира Иниятқызы жас та болса, қызметте үлгілі басшы және өз ісінің үздік шебері ретінде көрініп келеді. Қаланың қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұстанып отырған сындарлы саясатын іс жүзіне асыруда, оны жергілікті жерде идеологиялық жағынан қамтамасыз етуде біліктілігі мен алғырлығын танытып отыр. Саяси білімі зор. Қоғамдық және жеке өмірде отансүйгіштігімен, жұмысқа деген жауапкершілігімен, тиянақтылығымен, іскерлігімен ерекшеленеді. Ол журналист, қалалық газет редакторы ретінде қала халқының көз алдында лайықты беделге ие бола алды.
Тараз қалалық мәслихатының төртінші және бесінші шақырылымдарының депутаты. «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы Саяси кеңесінің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің мүшесі. «Партияның 50 тұлғасы» жобасының қатысушысы. Тараз қалалық мәслихатындағы «Нұр Отан» партиясының фракциясы жанындағы «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту, су, жылу желілерін жаңғырту, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту жөніндегі комиссиясының төрайымы.