• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:19
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Азаматтық қоғамның өміршең мұраттары жолында

turan_admin turan_admin
18.07.2018, 10:16
Облыс жаңалықтары, Сараптама
Азаматтық қоғамның өміршең мұраттары жолында
249
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Қоғамдық дамудың кәзіргі сатысындағы негізгі мақсаттардың бірі – азаматтардың қоғамдық өмірге тікелей араласуын қамтамасыз ете отырып, әлемдік дамудың демократиялық құндылықтарға негізделген тәжірибесінің қазақстандық моделін қалыптастыру болып табылады. Осы ретте бұқара мен атқарушы биліктің арасындағы дәнекер, әрі ақылдасу алаңы Қоғамдық кеңестерге заңмен берілген өкілеттіктерге сәйкес үлкен міндеттер жүктелген.
Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңесінің президиумы мен оның қоғамдық негізде сайланған мүшелері, салалық комиссиялары есепті кезеңде жұмыс жоспарына сәйкес жоғарыда аталған мақсаттар үдесінен шығуды көздеген көптеген іс-шаралар атқарды. ҚР «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 5-бабында көзделген ұстанымдарды негізге ала отырып – мемлекеттік атқарушы органдардың аумақты дамыту жөніндегі бағдарламаларының орындалу барыстарын зерделеп, олардың әлеуметтік саладағы басымдылығына назар аударып, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және оларды талқылауға белсене қатысып, атқарушы органдардың нысаналы индикаторларға қол жеткізу үдерісінде өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп отырды.
Жоғарыда аталған заң талаптарына сәйкес биылғы жұмысымыз 2018 жылдың 23 ақпанында Жамбыл облысының жаңадан сайланған әкімі А.И. Мырзахметов облыстық Қоғамдық кеңесі мүшелерінің алдында есеп беруінен басталды.
Онда әкім, облыста қалыптасқан экономикалық-әлеуметтік көрсеткіштерді жетілдіру мақсатында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы, өз шешімін күтіп тұрған тағдыршешті мәселелерді кеңінен баяндап, Елбасының жолдаулары мен ауқымды әлеуметтік салаларды қамтыған тапсырмаларын жүзеге асырудың жайы мен жолдарын кеңінен пысықтап, міндеттер қойды.
Облыстық Қоғамдық кеңес есепті мерзімде заң талаптарына сай 15 президиум, 3 кеңейтілген отырыс өткізіп, облыс әкімдігі мен мәслихатының азаматтардың, құқықтары мен бостандықтарына қатысты қабылдаған 60-тан астам нормативтік-құқықтық актілеріне қорытынды беріп, жұмыс нәтижелері бойынша облыс әкімдігі екі басқарма басшысының есептерін тыңдап, құқық қорғау органдары кейбір қызмекерлерінің әдеп нормаларын бұзу фактілілеріне баға беріп, халыққа мемлекеттік қызмет көрсетулердің сапасы жөнінде 9 мониторинг жүргізіп, нәтижелеріне сәйкес тиісті ұсынымдар қабылдап, оларды атқарушы органдардың назарына ұсынып, орындалуын қоғамдық бақылауға алды.
Есеп беріп отырған кезеңде кеңейтілген ауқымдағы бір Қоғамдық тыңдау өткізіліп, ол елімізде қабылданған «Баршаға ортақ, тегін кәсіптік-техникалық білім беру» Бағдарламасының Жамбыл облысында орындалу барысыны арналды. Тыңдауға дайындық жұмыстары 2 ай бұрын алдын-ала қолға алынып, облысымыздағы 49 кәсіптік-техникалық білім беретін оқу орындарының оқу бағдарламаларының ерекшеліктері мен колледждердің материалдық-техникалық базаларының талапқа сайлығына арналған жазбаша мониторинг жүргізілді. Жедел жүргізілген сауалнамаларға жауаптар алынды. Барлық колледждерден жиналған жазбаша ақпараттар негізінде жекелеген оқу орындарына, Қоғамдық кеңес президиумымен белгілеген арнайы мамандар мен Кеңес мүшелерінен құралған бақылау топтары барып, мәселенің мән-жайымен тікелей танысып қайтты. Жан-жақты дайындық қортындысы – осы жылғы сәуір айының 26 жұлдызында Тараз қаласында өткен ауқымды Қоғамдық Тыңдауда кеңінен талқыланып, ақпарат құралдары арқылы облыс жұртшылығының назарына ұсынылды. Қоғамдық Тыңдауға қатысқан салаға жауапты өңірдегі барлық мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің басшылары, жұмыс берушілердің өкілдері, облысымыздағы кәсіптік-техникалық оқу орындарының директорлары, кәсіпкерлер Палатасының басшылығы жастарға кәсіптік-техникалық білім беру заңы мен басқа да заң күші бар құжаттар және мемлекеттік бағдарламалар аясында атқарылып жатқан жұмыстарын ортаға салып, саланы әрмен қарай жетілдіре түсудің жолдарын қарастырды. Қоғамдық Қоғамдық тыңдаудың қорытынды құжаты — Қарар қабылданып ондағы ұсынымдар заман талабына сай IT технологиясы мамандығының базалық орталығын қалыптастыру, білікті маман-ұстаздар корпусын тұрақтандыру. дуальды оқу жүйесінің тиімділігіне баса назар аударып, өндірістен қол үзбей оқу жүйесінің өндіріс саласының барлық тармақтарын қамтуына ықпал ету, нәтижесінде жастар арасында жұмыссыздар санын кемітіп, қажетті мамандықтар мониторингіне сәйкес бәсекеге қабілетті осы заманғы мамандар дайындау ұстанымын жетілдіре беруге бағытталды. Қоғамдық Тыңдау қортындысы бойынша өткен айда Қоғамдық кеңес президиумы, Жамбыл және Байзақ аудандарында 2 көшпелі отырыс ұйымдастырды. Жыл аяғына дейін осындай көшпелі отырыстар облысымыздың басқа да аудандарында өтеді.
Есепті мерзім ішінде қоғамдық кеңес мүшелері жұртшылық өкілдерімен қоғамдық-стратегиялық даму мен тұрмыстық-әлеуметтік салаларға қатысы бар 21 кездесу өткізіп, халықтық ой мен халықтық мұраттардың ішкі иірімдеріне бойлауға талпыныс жасады. Кездесулердің 5 нұсқасы қоғамық пікірдің баршаға ортақ мәселелеріне, әсіресе, кейінгі айларда қызу талқыланып жатқан Елбасының «Әлеуметтік 5 Бастамасы», «Рухани жаңғыру», әлемдік төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында жаңа мүмкіндіктерді тиімді пайдалану төңірегіндегі міндеттерді түсіндіру-талдау жұмыстарына бағытталса, қалған 16 кездесу жергілікті жерлерде туындаған тұрмыстық-әлеуметтік мәселелердің шешілуіне ықпал жасауға арналды. Оның ішінде, жекелеген азаматтардың арыз-шағымдары мен ұсыныс-пікірлері де қамтылды. Сонымен бірге, есепті кезең ішінде Елбасының тапсырмаларын орындауға бағытталған әдістемелік-ақпараттық парақтар дайындалып, барлық деңгейдегі Қоғамдық кеңестерге таратылды.
Облыстық Қоғамдық кеңестің 19 мүшесі экономикалық өсу мен рухани даму салаларының облыс көлеміндегі әлеуетін арттыруды діттейтін бірнеше комиссиялар мен кеңестердің мүшелері есебінде де, облыс дамуының салалық тармақтарының алға жылжуына өз үлестерін қосып жүргенін айта кеткен жөн.
Қоғамдық кеңес мүшелері жылдың алғашқы айларында, облыс пен аудан басшыларының өткен 2017-жылғы атқарылған іс-шаралардың қортындысына арналған халықпен есепті кездесулерінің кестесіне сәйкес, жер-жерлерге арнайы барып, аталған іс-шараға қатысты. Жиындарда көтерілген кейбір әлеуметтік маңызы бар ұсыныстар мен ескертпелер, Қоғамдық кеңестің назарына алынды.
Қоғамдық кеңес облыстық Тілдерді дамыту басқармасы мен облыстық Ономастикалық комиссяның дайындаған құжаттары негізінде мемлекет тарапынан арнайы қорғалатын, ұлттық тарих пен рухани тарихнамада ерекше орындары бар тарихи-мәдени мұраларды қорғау Тізімін жасауға қатысып, оны реттеу жұмыстарын бір жүйеге келтіруге үлес қосты. Рухани жаңғыру мұраттарының бір тармағы есебіндегі осындай игі істер алдағы кезде де қоғамдық бақылауда болады.
Табиғи өнімдер мен табиғат ресурстарына жүйелі түрде назар аударып, орман алқаптары мен жайылым аумақтарын тиімді пайдалану бойынша да өз ұсынымдамаларымызды ықияттап, олардың жүзеге асырылу барысын үнемі қадағалап отыру үрдісі есепті кезеңде де жалғасын тапты. Олар жөніндегі арнайы құжаттар компьютер базасына енгізіліп, сақталуда.
Тараз қаласындағы жолаушылар тасымалы қызметіндегі түрлі келеңсіздіктер: автокөліктердің техникалық сапасы, адам өміріне қауіп төндіретін жол жүру ережелерінің жиі бұзылуы, көліктердің жағымсыз экологиялық зардаптаға апарып соғатын басты әсеріне тікелей қатысты – қозғалтқыштар ресурсының сақталуы, жүргізушілердің қызмет көрсету мәдениеті, аялдамалардың стандарттық талаптарға сайлығы мен жайлылығы тәрізді көрсеткіштеріне қоғамдық мониторинг бойынша зерделеу мақсатында осы 2018-ші жылғы маусым айынан бастап, Қоғамдық кеңестің арнаулы тобы облыстық Жамбыл телеарнасы, жол-патрульдік полиция қызметкерлерімен, экология мамандарымен, қоғамдық ұйымдармен иық тірестіріп іске кіріскен еді. Мониторинг қорытындысы ай сайын Қоғамдық кеңестің отырысында талқыланып, оларды алда болдырмауға бағытталған ұсынымдар тиісті облыстық мемлекеттік органдар мен осы саладағы бизнес құрылымдарының басшыларына беріліп, орындалуы қоғамдық бақылауға алынады.
Жыл соңына дейін азаматтарды медициналық сақтандыру, атаулы әлеуметтік көмек, ауылдардағы мал ұрлығымен күрес, ауылшаруашылығына берілетін субсидияларды пайдалану, кейбір азық- түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру, ауру түрлері бойынша азаматтарды тегін дәрілермен қамтамасыз ету, «Нұрлы жер», «Елбасының «5 әлеуметтік бастамасы» бағдарламаларының облыста орындалу барысы т.б. өзекті мәселелерді ауық-ауық моиторингтеп отыруды, олардың қорытындысымен әлеуметтік желі арқылы жұртшылықты хабардар етуді әдетке айналдырамыз.

(Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңесінің 2018 жылдың алғашқы жарты жылдығында атқарған жұмысы)

Ж.Кәрібайұлы, Облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы

Тегтер: 2018 жылАсқар МырзахметовЖамбыл облыстықҚоғамдық кеңесТараз қаласы
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.