• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Тоқмадиге қатысты сот үкімі шықты

16.03.2018
0
Тоқмадиге қатысты сот үкімі шықты
180
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Тараз қаласындағы мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында 2004 жылы 18 желтоқсанда Ержан Тәтішевтің өліміне байланысты Мұратхан Тоқмадиге қатысты сот үкімі шықты деп хабарлайды «TURANINFO.KZ» ақпараттық агенттігі.

Тараз қаласындағы мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотының судьясы Азамат Тілеповтың сот үкімі бойынша Мұратхан Шәкерханұлы Тоқмадиді 10 жылға соттады.

Еске салайық, мемлекеттік айыптаушылар Асхат Нұрлыбаев пен Ілияс Есқалиев оқиғаның болу себептерін, оның ойластырылған жолдары туралы толық ашық айтып берді. Сондай-ақ Ержан Тәтішевтің өлімі кімдерге қажет болғандығы, қылмыстың басында тұрған негізгі фигуранттардың «БТА банкке» қысым көрсеткендіктері, Қордай аудандық және облыстық апелляциялық сотының әділетсіз өткендігі, бұл іске Нартай Дүтбаев пен Мұхтар Әблязовтың қаншалықты қатысы бар екендігі айтылды. Негізінен, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бастығы болған Нартай Дүтбаев пен Мұхтар Әблязов Мұхтар Жәкішев арқылы танысқан екен. Бүгінде темір тордың арғы жағында отырған экс-комитет басшысы Тәтішевке жан-жақты қысым көрсеткен. Марқұм банкирдің көлігін өртеген, «оққағарларын» соққыға жыққанымен қоймай жанұясына да айтарлықтай қысым көрсеткен. Сондықтан «Тоқмадидің» қолынан қаза тапқан марқұм Ержанның жанұясы шетелге көшіп кетуге мәжбүр болған. Қала берді қылмыс болған кезде көлікте болған оққағарының өзі өзіне көрсетілген қысымның әсерінен Ресейге көшіп кеткен. Осындай деректерді жіпке тізген мемлекеттік айыптаушылар Тоқмадиге ҚР Қылмыстық Кодексінің 96 бабы, 2 бөлігінің ж, з тармақтарына сәйкес 11 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сондай-ақ тергеу барысында экспертизаға кеткен 350 мың теңгені өндіріп алу да айтылды. Ал өз кезегінде адвокат Тоқмадидің қылмысқа қорыққандығынан барғандығын айтты. Себебі, оның қылмысқа баруына М.Әблязов қысым көрсеткен екен. Сонымен қатар бүгінде сотталушы 50-ден астам адамды жұмыспен қамтып отырғанын және 5 баласы бар екенін алға тартып, 10 жылдан артық емес жаза беруді сұрады. Ал Мұратхан Тоқмәди өзінің сот алдындағы соңғы сөзінде тағылып отырған барлық айыптарды мойындайтындығын және тергеу шаралары дұрыс жүргізілгенін жеткізді.

TURANINFO.KZ

Тегтер: аблязовбегунбта банкдепутатский корпусержанержан татишевмасқарамуркамухтар джакишевнартай дутбаевспортстекольный заводТаразтокмадиувд

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты