• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 01:30
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Теріскейде жаңа қазақ театры ашылды

turan_admin turan_admin
19.11.2022, 11:28
Қазақстан жаңалықтары
Теріскейде жаңа қазақ театры ашылды
133
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Бүгін Солтүстік Қазақстан облысында Сәбит Мұқанов атындағы қазақ музыкалы-драма театрының жаңа ғимаратының ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев пен облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысты.

Құрметті қонақтар  қатарында Қазақстанның Халық артисі Айман Мұсақожаева, Олимпиада чемпионы Александр Винокуров, Канн кинофестивалінің лауреаты Самал Еслямова, генерал-лейтенант Абай Тасболатов және зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері болды.

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді.

«Барша қызылжарлықтар үшін айтулы оқиға – Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының жаңа ғимаратының ашылу салтанатымен шын жүректен құттықтаймын. Бұл тарихи сәт еліміздегі театр өнерінің жылнамасына енеді. Егемендік алған жылдар ұлттық мәдениетіміздің қарыштап өрлеуінің жаңа дәуірі саналады.

Елімізде жас таланттардың шығармашылық әлеуетін арттыру үшін барлық жағдай жасалуда.

Ширек ғасырға жуық тарихы бар Сәбит Мұқанов атындағы қазақ театрның киелі сахнасында 100-ден астам драмалық шығармалар қойылып, көрерменнің көзайымына айналды. Ұжым шығармашылық ізденістің арқасында республикалық және халықаралық театр фестивальдерінде талай биіктерді бағындырды.

Өнер ордасының қабырғасынан әлемге танымал киноактриса Самал Ісләмова, режиссер Фархат Молдағали сияқты дарынды жастар түлеп ұшты. Қазақ мәдениеті өнердің барлық саласында ғаламдық мәдени мұраның танымал бөлігі болуы тиіс. Сіздерге осы бағытта мол шығармашылық табыс, жарқын ізденістер, сәтті жобалар және көрермендердің махаббатын тілеймін», — деп жазылған Президенттің құттықтау хатында.

Қала тұрғындары мен қонақтарын құттықтай отырып, мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Солтүстік Қазақстанның аумағы атақты ақындар мен жазушылардың киелі мекені екенін атап өтті.

«Теріскейдің темірқазық театры жаңа ғимаратқа кіріп, қазақ өнері, ұлт руханияты үлкен қуанышқа кенеліп жатыр. Бұл – тек Солтүстік Қазақстан облысының ғана емес, тұтас халқымыздың ортақ олжасы. Себебі, киелі Қызылжар топырағы – сахараны сахна еткен қаншама сал-серінің киелі бесігі. Ежелден елге тұғыр болған қарт Қызылжар – қазақ өнерінің төрі мен төркініндей.

Бұл берекелі мекенде Мағжан Жұмабаев, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Сафуан Шаймерденов сияқты халқымыздың біртуар тұлғалары дүниеге келген. Сондықтан біз үшін бұл өңір қашанда сазбен сырласып, тарихпен тыныстап жатқандай болады», — деді министр Дәурен Абаев.

Шындығында бүгінгі күн солтүстікқазақстандықтар үшін көптен күткен және елеулі оқиға болғаны анық. СҚО-да бірегей архитектурасы бар тағы бір нысан пайда болды. Алдағы уақытта жаңа қазақ театры қаланың басты көрікті жеріне айналатыны сөзсіз.

«Театр-рухани, мәдени және тарихи орталық. Қоғамды дамыту үшін экономикамен қатар өнер саласын да дамыту керек. Елде білімді, мәдениетті және еркін ойлы азаматтарды қалыптастыру үшін жағдай жасау маңызды. Бізге рухани құндылықтарға негізделген қоғам қажет. Өнерге жақын адам әркез жоғары стандарттарға ұмтылады», — деді Құмар Ақсақалов.

Ресми бөлімнен кейін арнайы шақырылған қонақтар мен өнерсүйер қауым Сәбит Мұқановтың повесі негізінде қойылған «Шоқан» спектаклінің премьерасын тамашалады.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.