Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық министрі Асқар Омаров Жамбыл облысына жұмыс сапары басталды деп хабарлайды “TURANINFO.KZ” ақпарат агенттігі.

Бүгін Асқар Қуанышұлы жұмыс сапарын мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығына орай жаңа ескерткіш бой көтеруіне қатысты. Ескерткіш ашылуына арнайы Асанәлі Әшімов, Жамбыл облысының экс әкімдері Амалбек Тшанов, Кәрім Көкірекбаев, Асқар Мырзахметов, Қонаевтың жеке қорғаушысы Амангелді Шабдарбаев, Жансейіт Түймебаев, Дариякүл Қожамжарова, Омархан Өксікбаев, парламент депутаттары Бекболат Орынбеков, Абдалы Нұралиев, Ілияс Бұларов және елге белгілі азаматтар қатысты.
Ескерткіш ашылуынан кейін Асқар Омаров Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасының жұмысымен танысып, ұжыммен кездесу өтті. Басқарма жұмысымен Сакен Мыңбаев таныстырды.
Министрдің жұмыс жоспарында үкіметтік емес ұйым өкілдерімен, жастармен, БАҚ өкілдері кездесулер өткізілмек.
Ал, ертең Мойынқұм ауданы тұрғындары мен кездесіп, сауалдарына жауап беретін болады.
Исламбек Дастан






