• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:08
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Денсаулық сақтау сарапшылары «Омикрон» штамын жұқтырған кездегі ауру ағымының ерекшеліктері туралы айтып берді

turan_admin turan_admin
13.08.2022, 21:42
Қазақстан жаңалықтары
Денсаулық сақтау сарапшылары «Омикрон» штамын жұқтырған кездегі ауру ағымының ерекшеліктері туралы айтып берді
350
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Бүгін ОКҚ алаңында сарапшылар брифингі өтті. Брифинг барысында дәрігерлер «Омикрон» штамын жұқтырған кездегі ауру ағымының ерекшеліктері туралы айтып берді.

«Бүгінгі таңда СOVID-19 клиникалық ағымында пандемияның басындағымен салыстырғанда айырмашылық бар. Ең алдымен, «Омикрон». штамын жұқтырғанда,  инкубациялық кезең  2-4 күнге дейін қысқарды. Бұл штамм қазір біздің елімізде басым болып тұр», – деп мәлімдеді Министрліктің бас штаттан тыс инфекционсті Бақыт Көшерова.

Егер бұрын пневмония салдарынан тыныс алудың қиындауына ауырлық деңгейінің анықтауыш критерийі ретінде қарасақ, қазір пациенттердің жай-күйіне интоксикация белгілері, қабынулар мен асқынулар, созылмалы аурулар себеп болуы мүмкін.

«Аурудың орташа ауыр және ауыр ағымының өршуі адамның өкпесі қағынбай-ақ, интоксикация белгілері, қандағы және су-электролит мөлшеріндегі және басқа да бұзылыстар салдарынан болуы мүмкін. Сондықтан аурудың ауырлық деңгейін тек дәрігер ғана анықтай алады»,  – деп атап өтті Бақыт Көшерова.

Балалар арасындағы КВИ ағымының ерекшеліктері туралы Министрліктің бас  штаттан тыс балалар инфекционисті Динагүл Баешева айтып берді.

«Осы айдың 11 күнінде КВИ-ге шалдыққан балалар арасында  ауруханаға жатқызылу жиілігі 29,8%-ға азайды.  Қазір 308 бала  стационарда ем алып жатыр. Олардың ішінде алтауы – ауырлық дәрежесі орташа инфекция жұқтырған  жаңа туған сәбилер (Алматы, Қарағанды, Жамбыл, Қызылорда (2), Солтүстік Қазақстан облыстарында), ал 302-сі – туғанына 28 күннен асқан және 18 жасқа дейінгі балалар»,  – деп мәлімдеді Динагүл Баешева.

Сарапшының айтуынша, аурудың ең бірінші толқынында балалардың жас құрамында 5-тен 12 жасқа дейінгі балалар басым болатын, олар жалпы науқастар санының 30%-ын құрайтын. Қазір  аурудың басқа жастағы балаларға да біркелкі таралғанын көріп отырмыз. Бұл вирустың отбасы ішінде таралып жатқанын білдіреді.

Нұр-Сұлтан қаласы Көпбейінді медициналық орталығы басшысының инфекциялық қызмет бойынша орынбасары Татьяна Цечоева жансақтау бөлімінде жатқан және қарқынды терапияны қажет ететін науқастардың жай-күйі туралы баяндап берді.

Оның айтуынша,  науқастардың жай-күйінің ауырлығы коронавирус инфекциясының ауыр ағымынан емес, денсаулығындағы кінәраттарынан,  қосақталған созылмалы патологиялардың әсерінен болып отыр. Яғни, олар жүрек-қантамыр жүйесінің бүлінуі, қант диабеті, қатерлі ісік, жүйелік аурулар, ағзадағы иммунитеттің  тапшы жағдайы.

Брифинг қорытындысында сарапшылар халықты КВИ-ден қорғау үшін  негізгі сақтық шараларын сақтауға кеңес берді. Сондай-ақ  аурудың жеңіл ағымын қамтамасыз етіп, асқыну мен ауыр жағдайды болдырмау үшін вакцинацияның маңыздылығын атап өтті.

Қазіргі таңда МСАК ұйымдарында коронавирус инфекциясын жұқтырған 95% аса науқас  ем алып жатыр. Емханалар фильтр кабинеттерін, санитарлық-дизинфекциялық және эпидемологиялық режимді қамтамасыз етіп,  қалыпты жұмыс істеуде.

КВИ бойынша стационарлық көмекті республика бойынша  жалпы қуаты 5361 төсек-орынға есептелген 200 инфекциялық аурухана көрсетуде. Төсек-орындардың толуы 22% (1201 төсек) құрайды. Ал жансақтау бөліміндегі  төсек-орындардың толуы 6% (656 төсек-орынның 39-ы) құрайды.

КВИ жұқтырған пациенттерге уақытылы медициналық көмек көрсету үшін  МСАК деңгейінде 2387 мобильді бригада ұйымдастырылған.  Олардың 1010-ы ауылда, резервте 1610 мобильді бригада бар. 2022 жылдың 7 айында мобильді бригадалар 899 669 шақыруға барды. Бұл 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда, 1,7 есе аз.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.