• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:07
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

“Ұлы дала өркениеттері” атты байқауы аясында Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, олимпиада ойындарының жүлдегері Әділбек Ниязыметов пен кездесу өтті

turan_admin turan_admin
12.10.2021, 12:15
Азаматтық қоғам институттары, Жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары
“Ұлы дала өркениеттері” атты байқауы аясында Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, олимпиада ойындарының  жүлдегері Әділбек Ниязыметов пен кездесу өтті
148
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Ұрпақтар сабақтастығын және Қазақстан халқының дәстүрлерін танымал етуді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін іске асыру» мемлекеттік гранты аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі орта білім беру ұйымдары арасында өткізіліп жатқан “Ұлы дала өркениеттері” атты байқауына орта білім беру ұйымдары белсене қатысып жатыр.

Өткізіліп жатқан іс шаралар өскелең ұрпақты  Қазақстан халқының мәдениетін, ана тілін, ұлттық дәстүрлерін сақтауға және дамытуға, дәстүрді жаңғырту және дамыту мәселелеріне, ұлттық және мәдени бірегейлікті сақтауға, сондай-ақ жастарды өз халқының мәдениетіне, халық шығармашылығына жанашыр болуға тартуға өз септігін тигізіп жатыр.

«Ұлы дала өркениеттері» атты орта білім беру ұйымдары арасында өтіп жатқан Республикалық байқаудың «Дәстүр мен ғұрып» кезеңі бойынша «№7 жалпы білім беретін мектеп» КММ-де қазақтың бала дүниеге келіп, өсуі жолындағы жасалатын салт-дәтүрлерінің ішіндегі маңызы зор болған «Тұсау кесер» дәстүрінің қырлары мен сырларын, құндылығын дәріптейтін қойылым болып өтті.Қазақтың киіз үйі, ақ жаулықты аналар мен ибалы келіндер, жас балалардың көрінісі қойылымды ерекше ажарландыра түсті. Дәсүрін дәріптеген бұл күні тұсау кесер салтының барлық жоралғысы жасалып, кішкентай Мейіржан бөбектің тұсауы кесілді.Қойылым барысында халқымыздың кез келген адамға тұсау кестірмегендігінің тағы да бір куәсі болдық. Ауылға көптен күткен сыйлы қонақтың келуі, келген қонақтан әжелердің қонақ кәде сұрап қолқа салуы да тұсау кестірер алдында жасалған ерекше көріністің бірі болды. Ал ең бір ұтымды тұсы баланың тұсауын мектебімізге арнайы келген Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Әділбек Ниязыметовтың кесуі болды. Ел алдында халқының туын биікке желбіретіп жүрген алаштың азаматына тұсау кестірудің астарында үлкен мән мағына жатқандығын білеміз. Бұл кішкентай Мейіржанның да елінің азаматы болсын, халқы үшін қызмет қылсын деген ниеттен туған болатын.Көрініс барысында Әділбек бала Мейіржанға ізгі ниет, тілектерін білдірсе, тұсау кесіліп болған соң шашу шашылып, шапан жабылды. Ауылдың абыройлы ақылгөй ақсақалы келген қауымға, балаға арнап батасын берді.

6 қазан 2021 жылы Владимир Савва атындағы №9 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде аға буын мен жасөспірімдер арасында ұрпақтар сабақтастығын, Қазақстан халқының мәдениетін, ана тілін, ұлттық дәстүрлерін сақтауға және дамытуға, дәстүрді жаңғырту және дамыту мәселелеріне, ұлттық және мәдени бірегейлікті сақтауға, сондай-ақ жастарды өз халқының мәдениетіне, халық шығармашылығына жанашыр болуға тарту мақсатында ұйымдастырылған «Ұлы дала өркениеттері» байқауының негізінде «Мәдениет — ұлттық қайта өркендеу коды» тақырыбында Меркі ауданының құрметті азаматтары — ҚР-ның халыққа білім беру ісінің үздігі, ардагер ұстаз Таттыкулова Қайнаркүл Оспаналықызының, Меркі аудандық «Наурызбай-К» ЖШС-нің директоры Аубакирова Алия Наметхозықызының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

 

Шын өнерпаздар алты мың жылдық тарихы бар қазақ домбырасының кейде қолөнер бұйымы деңгейінде саналатынына налиды. Домбыраны қазір қара базардан бастап, хан сарайындай алып дүкендерден де кездестіруге болады. Оған үйге сән беретін атрибут немесе көңіл аулау үшін кәдесыйға ғана жарайды деп қарайтын ұрпақ пайда болды. Мұндай көзқарас қасиетті аспапты тілі күрмелген, үні булыққан деңгейге түсіргендей болып көрінеді.

Домбыраның қайта жаңғыруына түрткі болатын тың жаңалық ол Елбасымыздың бастауы. Тұңғыш Президентіміз арнайы жарлық шығарып «Ұлттық домбыра» күнін бекіткен болатын. Жыл сайын шілденің алғашқы жексенбісінде қазақтың жаны мен рухы болған домбыра даламызды сазға бөлейді. Дәл осындай мақсатта өткізіліп отырған «Ұлы дала өркениеттері» байқауы аясында да ұлттық аспапты ұлықтайтын дүниелер ұйымдастырылуда.

Байқауға “Орта білім беру ұйымдары арасында өткізілетін «Ұлы дала өркениеттері» атты байқауы аясында 138 білім беру ұйымы өтінім берді. Айта кетейік, байқаудың жүлде қоры 1 800 000 (бір миллион сегіз жүз мың) теңгені құрайды. Сыйлықақы бағалау талаптарына сай ең жоғары ұпай жинаған үш ұйымға беріледі. І орынға бір миллион теңге, ІІ орынға бес жүз мың теңге, ІІІ орынға үш жүз мың теңге қарастырылған.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.