• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 01:35
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

2017 жылдың үздік әндері қандай?

turan_admin turan_admin
31.12.2017, 13:18
Қазақстан жаңалықтары
2017 жылдың үздік әндері қандай?
688
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Адам баласының күнделікті өмірдегі өзін жетілдіру процесіне енетін үрдістің бірі – музыка тыңдау болып табылады. Бүгінде күн сайын түрлі жанрда мыңдаған ән өмірге келеді. Әннің де есері, естісі барын ескерсек, өтіп бара жатқан жылы қазақ ән өнерінің қазынасына бірталай жаңа әндер қосылып, эстрада әншілері көптеген хиттің арқасында мол тыңдарман жинады. Осы тұста құлақтан кіріп, бойды алған, елдің көңілінен шыққан қазақ эстрадасындағы әуезді әндердің рейтингін жасаған болатынбыз.
Сонымен біздің үздік ондықтың соңғы қатарына өз уақытында «Мазаламайын» деп шырқаған Қанат Үмбетов пен сұлу да сазды дауыстың иесі Әлия Әбікеннің орындауындағы «Жанымда бол» әні жайғасты. Қазіргі таңда қазақтың кез-келген үйлену тойына бас сұқсаңыз шаңырақ көтерген жастар осы әнді шырқап жатады. Осыдан ақ бұл туындыға рейтингімізде соңғы қатардан болсын орын бергеніміз жөн деп санадық. Бүгінде Қайрат Нұртастың, Төреғали Төреәлінің бірнеше хит әндерінің авторы Ғазизхан Шекербековтың есімі ел арасында біршама танымал бола бастаған. Талантты сазгердің «Көріктім» әні рейтингіміздің тоғызыншы орынына ие болды. Танымал болғанына бірер жыл ғана болса да, елдің сүйіктісіне айналып үлгерген Қуандық Рахымның «Лаула» әні сегізінші орынға жайғасты. Жетінші орынды елімізде алғаш рет құрылған фандом «eaglеs»-дардың сүйікті атышулы тобы 91 тобының «Мұз» әні қанжығаға байлады. Бүкіл әлемге үндеу ретінде өмірге келген әннің мағынасы да, ырғағы да жүрекке жылы тиетінін тыңдарман қауымның растап берері сөзсіз. Алтынша орында өкінішке орай бүгінде арамыздан бақиға аттанып кеткен Болат Нұрымовтың танымал «Зың-зың» әні. Туындының мағынасы шолақ, ойы түсініксіз болса да ғаламтор қолданушылардың көңілінен шығып, вайнерлер әнге көптеген пародиялар түсіріп, аудитория жинап алды. Ән авторының танымалдылыққа қол жеткізген шағында өмірден өтіп кетуі 2017 жылы жастардың қабырғасын қайыстырған жағдайлардың бірі болып табылады. Рейтингтің бесінші орынына әдемі үніне сымбаты келіскен, әрі әнші, әрі актер Нұрболат Абдулиннің хит туындысы «Сен қорқақсың» әнін орналастырдық. Шығыстық стильдегі туынды кез-келген тойда халықты билететін, сөзі де, ырғағы да жұмыр әрі Нұрболат Абдулиннің табиғатына сай келетін үздік ән екені айқын. Бүгінде кез-келген тойдың гүліне айналған әнші Әбдіжаппар Әлқожаның «Махаббатсыз өмірді кім сүрмек?» әні рейтингіміздің төртінші орынында. Үздік үштіктің қатарына биыл ғана 10 жылдан бері жасырып келген жарын ел алдына шығарып, айды аспанға бір ақ шығарған халықтың сүйіктісі Қайрат Нұртастың «Жүрегіңнен бір орын бер» әні енді. Ал, екінші орынға өз бейнебаянында күллі Қазақстанға үлгі болған жұп Марлен мен Әнелдің махаббатын баян еткен Ернар Айдардың «Күнім сен сөнбеші» атты әдемі туындысы ие болды. Сөзсіз хитке айналып, You Tube-та қаралым санынан да қазақстандық бейнебаяндарды басып озған биылғы жылдың танымал хиті Ерке Есмаханның «Қайда?» әні рейтингімізде бірінші болып көш бастап тұр. Өзіне ойда жоқта келген бұл танымалдылық Ерке қызымыздың талай жылғы еңбегінің үлкен жемісі және жеңісі болып саналады. Себебі белгілі музыкалық продюсер Бағым Мухитденнің өзі Ерке Есмаханның ең қиын жоба болғанын жуырда берген сұхбатында атап өткен болатын. Халықтың сүйіктісі Ерке Есмаханның келесі туындыларының да сөзсіз хитке айналуына шын жүректен тілектеспіз.

TURANINFO.KZ

Тегтер: 91 ТОБЫҒАЗИЗХАН ШЕКЕРБЕКЕРКЕ ЕСМАХАНЕРНАР АЙДАР. ҚАЙРАТ НҰРТАС. НҰРБОЛАТ АБДУЛЛИНЗЫҢ-ЗЫҢҚАНАТ ҮМБЕТОВҚУАНДЫҚ РАҚЫММҰЗҮЗДІК ӘНДЕР
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.