• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Жамбылдық соттардың алты айдағы жұмысы қорытындыланды

Өңірлік коммуникациялар қызметінде 2023 жылдың 6 айында Жамбыл облысы соттарының сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысы бойынша брифинг өтті.

22.07.2023
0
Жамбылдық соттардың алты айдағы жұмысы қорытындыланды
96
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жиында спикер ретінде Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының м.а. Ардақ Әкетаев, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Азамат Тлепов және әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Динара Нұрлыбаева сөз сөйледі.

Алғашқы сөз азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы А.Әкетаевқа беріліп, ол сот жүйесінде жүргізіліп жатқан реформаның негізгі бағыты заңның үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың сот төрелігіне сенімін арттыру және кәсіби судьялар корпусын қалыптастыру болып табылатынын атап өтті.

Сондай-ақ азаматтық даулар бойынша соттардың жұмысы туралы айтты.

2023 жылдың алты айында бірінші сатыдағы соттармен 8 350 азаматтық іс өндірісімен аяқталып, оның ішінде 4 822 іс шешім шығарумен қаралған. Апелляциялық тәртіппен 26 шешімнің (0,5%) күші жойылған, 40 шешім (0,8 %) өзгертілген.

Өз сөзінде қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы А.Тлепов 2023 жылғы 1 жартыжылдығында облыс соттарының қылмыстық істерді қарау нәтижелеріне егжей-тегжейлі тоқталды.

«Облыс соттарының кәсіпқойлығы мен үйлесімді жұмысы заңда белгіленген мерзімде 365 әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі, 705 адамға қатысты 599 қылмыстық істі қарауға мүмкіндік берді;шартты түрде мерзімінен бұрын босату мен жазаның өтелмеген мерзімін ауыстыру туралы барлығы 828 материал қарауға мүмкіндік берді», — деп атап өтті А.Тлепов.

Оның айтуынша, қысқартылған тәртіппен қаралған қылмыстық істердің саны 2022 жылғы 539-дан 2023 жылы 599-ға дейін өскен.

Брифингті әкімшілік істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру қорытындылары туралы баяндамасымен әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Д.Нұрлыбаева жалғастырды.Спикер әкімшілік әділеттің жетістіктері мен аталған институттың азаматтардың өтініштерін қарау тиімділігін арттыруға және бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге ықпал еткенін атап өтті.

Әкімшілік әділеттің аясында 2023 жылдың 6 айында 712 әкімшілік іс түсіп, 526 іс қаралған.

Шешім шығарумен 180әкімшілік іс қаралды, оның 100-і талап қоюшылардың (азаматтар мен бизнес субъектілерінің) пайдасына, ал 80-і бас тартылды. Оның ішінде МАӘС – 158 іс, аудандық соттар – 22 шешім шығарумен қаралды.

53 ісбітімгершілікпен аяқталды, оның ішінде: талап арызды қайтарып алуға байланысты (сот отырысы барысында) — 16, медиация тәртібімен — 33, татуласу туралы келісім жасасумен — 4.

Спикер әкімшілік істерді қарау барысында судьялармен азаматтар мен бизнес субъектілерінің сотқа шағымдары мен өтініштеріне негіз болған  лауазымды адамдардың, әкімшілік органдардың жүйелі проблемалары анықталғанын атап өтті.

Соттармен істерді қарау нәтижелері бойынша әкімшілік орган мен лауазымды тұлғалар атына 40 жеке ұйғарым шығарды.

Брифинг барысында сот жүйесінің өкілдері журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Тегтер: азаматтық істерәкімшілік әділетқылмыстық істермедиациясотСот төрелігі
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Конституцияның құқықтық мемлекеттегі рөлі

Конституцияның құқықтық мемлекеттегі рөлі

20.05.2025
Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу 1 маусымнан басталады

Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу 1 маусымнан басталады

20.05.2025
Дулати университетінің мүгедектігі бар 148 студентінің құқықтары бұзылған

Дулати университетінің мүгедектігі бар 148 студентінің құқықтары бұзылған

19.05.2025
Қазақстан ана өлімін айтарлықтай төмендеткен он елдің қатарына кірді

Қазақстан ана өлімін айтарлықтай төмендеткен он елдің қатарына кірді

19.05.2025
Таразда дрон операторлары дайындалады

Таразда дрон операторлары дайындалады

19.05.2025
Жамбыл облысы көкпардан ел чемпионы атанды

Жамбыл облысы көкпардан ел чемпионы атанды

19.05.2025
Қазақстанда рұқсатсыз жұмыс істей алатын шетелдіктер санаттарының тізімі өзгертілмек

Қазақстанда рұқсатсыз жұмыс істей алатын шетелдіктер санаттарының тізімі өзгертілмек

19.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский