• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 18:16
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Таразда дрон операторлары дайындалады

Таразда ұшқышсыз басқарылатын құрылғылар операторларын дайындау курсы басталды

Turan Redaktor Turan Redaktor
19.05.2025, 18:21
Облыс жаңалықтары
Таразда дрон операторлары дайындалады
27
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Қазақстанның Әуе қорғанысы күштерінің мамандарын даярлау және ұшқышсыз басқарылатын құрылғыларды жауынгерлік қолдану оқу-жаттығу орталығында ұшқышсыз ұшатын авиациялық жүйелердің операторларын оқытудың кезекті курсы басталды.

Осындай жалғыз оқу-жаттығу орталығында шетелде оқыған, өз білімін жас мамандарға үйрететін сертификаты бар мамандар қызмет етеді және сабақ береді. Бұл білім ордасы оқытуды бастағаннан бері ҚР Қарулы күштері мен басқа да әскери құралымдарға жүздеген мамандар даярлады.  Бастапқы кезеңде білім алушылар ұшқышсыз ұшатын құрылғыларды қолданудың мақсаттары мен міндеттерімен, оларды пайдалану қағидалары мен шарттарымен танысады. Сабақтар SkyLark1LEX тактикалық барлау жүйесін қолдана отырып өткізіледі. Бұл жоғары дәлдіктегі құрал нақты уақыттағы бейнелерді беру мен озық навигациялық мүмкіндіктерге ие.

– Бүгінде мұндай құрылғылар қорғаныс және барлау жүйесіндегі негізгі позицияларды сенімді түрде алады. Сондықтан біз жаңа технологияларды жетік меңгеруі тиіс жоғары білікті операторларды даярлауға ерекше назар аударамыз, – деп түсіндірді штаб бастығы – ҰҰА жауынгерлік қолдану оқу-жаттығу орталығы бастығының орынбасары подполковник Алмат Хайрушев.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы 44736 әскери бөлімінің келісімшарт бойынша әскери қызметшісі қатардағы жауынгер Ферхат Орымбаев бұрын жару ісімен айналысқан. Қазір оның әскери кәсібінде түбегейлі өзгерістер болып жатыр. –  Жару ісі маған ұнайтын, – деді Ферхат. – Бірақ мен әрқашан ұшқышсыз басқарылатын авиациялық жүйелерді үйренуді армандайтынмын. Мені ұшқышсыз ұшатын аппараттардың маманы етіп тағайындаған кезде, сол арманға қол жеткізе бастағандай болдым. Қазір Әуе қорғанысы күштерінің оқу-жаттығу орталығында оқимын, ҰҰА операторы боламын.

Оқу-жаттығу барысында курсанттар борттық жабдықты іске қосудан және баптауға дайындықтан бастап, алынған ақпаратты пилоттауға және талдауға дейінгі толық циклды меңгереді. Сабақтың практикалық бөлігі тренажерларда да, далада да өтеді. Курсанттар 40 күнге созылатын курсты аяқтағаннан кейін сертификаттар алады.

ҚР Қорғаныс министрлігі

Тегтер: Байланыс операторыЖамбыл облысыкурсТаразұшқышсыз ұшу аппараты
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12
«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.