Тараз қаласында «Отбасы құндылықтары: берік неке, жарқын болашақ» жобасы аясында «Берік отбасы – бақыттың кепілі» тақырыбында офлайн семинарлар топтамасы ұйымдастырылды.
Жобаның негізгі мақсаты – жастардың арасында отбасын құруға саналы көзқарас қалыптастыру, ата-ана жауапкершілігін түсіндіру, ұлттық отбасылық дәстүрлерді насихаттау, сондай-ақ ажырасу мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелеріне назар аударту.
Семинарлар Жамбыл политехникалық жоғары колледжі, «Білім» кәсіби гуманитарлық техникалық колледжі, «Астана» көпсалалы колледжі, Тараз мамандандырылған колледжі, Жамбыл инновациялық жоғары колледжі, Тараз сервис және технология колледжі, Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті және Д.И.Менделеев атындағы РХТУ филиалында өтті. Оқушылар мен студенттерге Тараз қалалық «Отбасын қолдау орталығы» КММ-нің психологтары мен заңгер мамандары тәжірибелік кеңестер берді.
Сонымен қатар жоба аясында жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша «Отбасы банк» және тәжірибелі қаржыгер мамандардың қатысуымен дәріс өткізілді. Бұған қоса, қаржылық тәуелсіздікке жету жолдары тақырыбында «Мөлдір бұлақ» оқу-сауықтыру орталығында Тараз қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ қолдауымен арнайы тренинг ұйымдастырылды.
Барлығы 300-ге жуық жас қамтылған бұл шаралар аймақтағы жастардың әлеуметтік жауапкершілігін арттырып қана қоймай, олардың өмірлік құндылықтарды дұрыс түсінуіне ықпал етті.
Жобаның нәтижелері жергілікті БАҚ-та кеңінен жарияланды. Арнайы репортаждар Jambyl TV, 77 TV телеарналарынан көрсетіліп, Jambyl Taraz газетінде жарық көрді. Сонымен қатар «Айналайын» балалар-жасөспірімдер орталығы жастар клубының әлеуметтік желілерінде де кеңінен насихатталды.






