• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Жамбыл облысының полициясы жастарды есірткі қылмыстарынан сақтандырады

"Жеңіл" ақшаның ауыр зардаптары: Жамбыл облысының полициясы жастарды есірткі қылмыстарынан сақтандырады.

29.05.2026
0
Жамбыл облысының полициясы жастарды есірткі қылмыстарынан сақтандырады
23
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жазғы демалыста жасөспірімдер мен жастардың бос уақыты көбейеді. Осыған байланысты оларды заңсыз есірткі айналымына қатысты қылмыстық схемаларға тарту қаупі де арта түседі.

Осыған орай, Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жастарға маңызды ескерту жасайды: «тез әрі оңай табыс» туралы ұсыныстарға алданбаңыздар. Мұндай әрекеттер қылмыстық жауапкершілікке әкеліп, болашаққа үлкен зиянын тигізуі мүмкін.

Жамбыл облысында 25 мамыр мен 26 маусым аралығында Халықаралық нашақорлықпен және есірткінің заңсыз айналымымен күрес күніне орай бір айлық іс-шаралар өткізілуде. Осы шара барысында полиция қызметкерлері жастар арасында профилактикалық жұмыстарды күшейтіп, есірткі қылмыстарына қатысудың құқықтық салдарын түсіндіруде және заңды, қауіпсіз жолды таңдауға шақыруда.

Қаскөйлер жастарды әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы есірткі таратуға жиі тартады. «Тәжірибесіз жоғары табысты жұмыс» деген желеумен жасөспірімдерге интернет-дүкендердің мекенжайларын граффити түрінде жазу, есірткі жасырын орындарын дайындау, тыйым салынған заттарды тасымалдау немесе курьер болу ұсынылады.

Көптеген жастар мұндай әрекеттерді зиянсыз деп ойлайды. Алайда, заң мұны есірткі бизнесіне қатысу деп бағалайды.

Полиция қызметкерлері есірткі құралдарын жарнамалайтын немесе насихаттайтын граффити жазуларын салу қылмыстық жауапкершілікке жататынын еске салады. Мұндай әрекеттер үшін мүлкін тәркілеумен немесе алты жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабына сәйкес есірткі құралдарын заңсыз сатып алғаны, сақталғаны, тасымалдағаны, жөнелткені және өткізгені үшін мүлкін тәркілеумен бес жылдан жиырма жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Полиция өкілдері есірткі схемаларын ұйымдастырушылар көбіне тасада қалып, ал орындаушы ретінде жастардың пайдаланылатынын атап өтеді. Күмәнді табысқа келіскен жастар өз болашағына, біліміне, мансабына және бостандығына қауіп төндіреді.

Бір ғана ойланбай жасалған қадам бүкіл өмірді өзгертуі мүмкін. Есірткі қылмыстары «ауыр» немесе «жеңіл» болып бөлінбейді. Есірткіні таратуға қатысты кез келген әрекет заң алдындағы жауапкершілікке әкеледі.

Жамбыл облысының Полиция департаменті жастарды заңды жолды таңдауға, интернеттегі күмәнді ұсыныстарға келіспеуге шақырады және «жеңіл» ақша тым қымбатқа түсуі мүмкін екенін ескертеді.

 

Ақпарат Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасы мемлекеттік ақпараттық саясат тапсырысы негізінде жарияланды

 

 

Тегтер: есірткіге қарсы күресЖамбыл облысыПолиция департаменті

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты