• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
18.08.2026, 13:43
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ӘУЛИЕАТА ТАРИХЫНЫҢ 80 ТОМДЫҒЫ ШЫҒАДЫ

turan_admin turan_admin
18.03.2019, 17:00
Облыс жаңалықтары
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ӘУЛИЕАТА ТАРИХЫНЫҢ 80 ТОМДЫҒЫ ШЫҒАДЫ
601
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсеналы Бықыбаевтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Дүйсеналы Дыбысалыұлы ұлтымыздың рухани мұрасы мен мәдениетінің заман талабына сай өркендеуіне жол ашатын жобалар туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы негізге алынып, 2019 жылдан бастап жаңа тың жобалар қолға алынып отыр. Олар:
1. «Жамбыл — менің жай атым, Халық — менің шын атым» Республикалық ақындар айтысы;
2. «Әулиеата бояулары» І-ші халық шығармашылығы фестивалі;
3. «Ғибратты өнер керуені» мәдени-әлеуметтік жоба;
4. Облыстық «Taraz симфониясы» классикалық өнер фестивалі;
5. «Талас толқындары» атты І-ші облыстық музыкалық өнер фестивалі;
6. «Көне Тараз күмбірі» атты І-ші Республикалық этно-фольклорлық фестиваль.
Сонымен қатар, биылғы жылдан бастап облыстың тарихы мен рухани мұраларына арналған тарих және шығармашылық бағытта «Тараз кітапханасы» сериясымен көп томдық кітаптар жинағын шығару жұмыстары қолға алынды. Аталған жобаның мақсаты Әулиеата өңірінен шыққан рухани дүниелерді, олардың авторларын, яғни ұлт перзенттері мен ақын-жыршы, батырлардың есімін ұрпақ жадында жаңғырту, ғылыми еңбектерде, газет-журналдарда, архивтерде сақталған әдеби құндылықтарды қайта парақтап, қалып бара жатқан мәдени мұраларды (жыр-дастан, айтыстар т.б.) кітапқа енгізу. Биылғы жылы облысымыздың 80 жылдығына орай көптомдықтың 80 томы шығады.
1. «Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым!» атты республикалық ақындар айтысы. Республикалыүнһһқ ақындар айтысының іріктеу кезеңдері қаңтар-ақпан айларында облысымыздың әр аймағында өтті. Айтыс өнеріне бейімі бар оқушылар мен жастар ауылдық округтерде іріктеліп, суырып салма қасиеттері байқалған ақындар аудандық кезеңіне қатысып, үздік деп танылғандары жалпы саны 31 ақын облыстық ақындар айтысына қатысты. Республикалық кезеңге жолдама алған жеңімпаздарға Ахметжан Өзбеков, Айтмұханбет Исақов, Ербол Қамбатыров сынды елімізге танымал ақындар өз мектептерін ашып, шеберлік сыныптар ұйымдастырып, айтыстың ақтық кезеңіне жан-жақты дайындауда. Республикалық ақындар айтысы 2019 жылдың 28 ақпанынан 3 сәуірге ауыстырылды. Бас байгеге автокөлік және жүлделі орындарға ақшалай сыйлық қарастырылып отыр. Айтыстың жүргізетін ақын, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман. Айтысқа кіру тегін.
2. «Әулиеата бояулары» атты І-ші халық шығармашылығы фестивалі
Аталған фестиваль «Өз жеріңді танып біл» жаңа бастамасы аясында облысымыздың әсем жерлері мен көркем табиғатын, тарихи орындарын фото және пейзаж тілінде сөйлетуге бағытталған. Онда «Жамбыл облысының тарихы», «Жамбыл облысының табиғаты» тақырыптары қамтылады.
Фестивальдің номинациялары:
Бейнелеу өнері оның ішінде (живопись, графика, мүсін, сәулет өнері, натюрморт, портрет, пейзаж)
Сәндік қолданбалы өнер (ағаш, сүйек, тері бұйымдары, зергерлік өнер, гобелен т.б).
Фотосурет
Қолөнер мен фотосурет номинациялар бойынша барлық ауыл-аймақтарда 2019 жылдың сәуір-мамыр аралығында көрме өткізіліп, іріктелген туындылардан 10-18 мамыр аралығында аудандық көрме ұйымдастырылады. Аудандық көрмелерде үздік деп танылған туындылардың авторлары облыстық кезеңге жолдама беріледі. Облыстық кезең Тараз қаласының Тұңғыш Президент саябағында 24 мамыр күні ұйымдастырылады.
3. Облыстық «Taraz симфониясы» өнер фестивалі. Фестиваль «Аспапта орындау»(саксофон, баян, аккордеон, фортепиано, гитара, соқпалы аспаптар) және «Вокал» номинациялары (классика-романс, джаз, эстрада) бойынша 4 кезеңде өтеді. І кезең — 2-12 сәуір аралығында ауылдық жерлерде іріктеу жұмыстары жүргізіледі. Өнер мектебіндегі балалар мен өнерлі жастар арасында тыңдау өткізіп, бейімі бар өнерпаздар аудандық байқауға шақырылады.
ІІ кезең — 15-27 сәуір аралығында әр ауданда ауылдардан іріктеліп келген үміткерлер арасында өтеді. Іріктелген өнерпаздарға әр жанр бойынша тәлімгерлер тағайындалып, 4 ай ішінде өнерпаздармен жұмыс жүргізіледі, өнерлерін жетілдіреді.
ІІІ кезең — 16-28 қыркүйек аралығында тәлімгерлер дайындаған өнерпаздар тағы бір іріктеліп, үздік деп танылғандар облыстық ақтық кезеңге жолдама алады.
ІV кезең — қазан айында Тараз қаласының «Баласағұн» орталық концерт залында өтеді.
Фестивальдің нәтижесінде талантты балалар арнайы оқу орындарын аяқтап сол ауылға тартылатын болады.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Таразда балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша семинар өтті

Таразда балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша семинар өтті

15.08.2026, 17:33
Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (7–13 тамыз 2026)

Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (7–13 тамыз 2026)

14.08.2026, 20:55
68 млн теңге кімге бұйырды? Жамбылда білім саласының үздіктері марапатталды

68 млн теңге кімге бұйырды? Жамбылда білім саласының үздіктері марапатталды

14.08.2026, 13:49
Мырзабосынов мереке қарсаңында спорттық менеджерлерге құрмет көрсетті

Мырзабосынов мереке қарсаңында спорттық менеджерлерге құрмет көрсетті

13.08.2026, 20:20

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Басты дебатқа қатысатын партиялардың реттік нөмірлері анықталды!

18.08.2026, 11:50

«Сізге банктен қоңырау шалып жатыр»: телефон алаяқтарын қалай тануға болады

18.08.2026, 11:41

Сөз – ұлттың визиттік карточкасы

18.08.2026, 11:33

Президенттің АӨК өнімділігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау

18.08.2026, 11:30

Тек ресми мәліметтерге сеніңіз: JAQ.OrtCom фейктердің таралуы туралы ескертеді.

18.08.2026, 11:25

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбылда білім саласында байқау мен конкурстарға жауапты мекеме басшысы тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл прокуратурасында кадрлық ауыс-түйіс орын алды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстандықтардың басым бөлігі Қ.К.Тоқаевқа сенім білдіреді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қаласында «Taraz-Insight 2026» әлеуметтік жобасы іске асырылады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.