• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
08.08.2026, 02:41
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА СОҢҒЫ 10 ЖЫЛДА ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫНДАР 2,3 ЕСЕГЕ АЗАЙДЫ

turan_admin turan_admin
26.02.2019, 22:43
Облыс жаңалықтары
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА СОҢҒЫ 10 ЖЫЛДА ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫНДАР 2,3 ЕСЕГЕ АЗАЙДЫ

????????????????????????????????????

1.1k
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері Қайрат Жетібаевтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Қайрат Қыдырәліұлы өзі басқаратын диспансердің 2018 жылы атқарған жұмыстары мен 2019 жылға тұрған міндеттер туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
2019 жылдың қаңтар айынан бастап облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің диспансерлік бөлімі Тараз қаласындағы алғашқы медициналық санитариялық көмек көрсету ұйымдарына толықтай берілді. Соңғы 10 жылда туберкулезге қарсы іс-шаралар кешенін іске асыру бойынша барлық тиісті құрылымдардың қарқынды және мақсатты жұмыстары Жамбыл облысында туберкулез ауруының аурушаңдық көрсеткішін 2,3 есеге төмендетті, яғни туберкулездің жаңа жағдайымен тіркелгендер саны 1 193 адамнан 563 адамға азайды. Өлім көрсеткіші 6,9 есеге азайып, туберкулезден қайтыс болғандардың саны 153-дан 25-ке дейін төмендеді.
2018 жылдың қортындысы бойынша облыста науқастардың тиімді дәрі қабылдауының нәтижесінде, ем аяқталғандағы сараптама бойынша емдеу тиімділігі дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының стандартынан жоғары, яғни туберкулездің сезімтал түрімен барлық тіркелген науқастардың сауығу көрсеткіші бойынша 92,5% құрады (стандарт-85%), туберкулездің төзімді түрімен тіркелген науқастардың сауығу көрсеткіші бойынша 85,5 % ( стандарт — 75% ).
2018 жылдың тамыз айынан бастап науқастарға ыңғайлы болу үшін смартфондар арқылы бейне бақылаулы ем жүзеге асырылуда, бүгінгі таңда 21 науқас бейне бақылау арқылы ем қабылдайды. 2018 жылдың қараша айынан бастап облыстық туберкулез диспансерінде бейне-телемедицина орталығы ашылды. Осы орталық арқылы ҰҒФО-мен және басқа да қажетті мамандармен онлайн режімде жағдайы ауыр науқастарды талдау, кеңестік-әдістемелік көмек алмасу жұмыстары жүргізіледі.
ҚР ДС ӘДМ-інің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы «Туберкулезбен және көптеген дәріге көнбейтін туберкулезбен ауыратын науқастарды психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсете отырып, пилоттық жоба шеңберінде кеңейтілген амбулаториялық емдеудің кейбір мәселелері туралы» №362 бұйрығы негізінде туберкулез микобактерияларын бөлмейтін және айналасындағы адамдарға қауіп тудырмайтын пациенттер тұрғылықты мекенжайы бойынша емханаларда бірінші күннен амбулаториялық ем қабылдайды, жылдан жылға осындай пациенттердің саны артуда. Бұл көрсеткіш 2017 жылдың 12 айында — 47,8 % болса (133 науқас), 2018 жылдың 12 айында — 143 науқасты қамтып, 51,1 % болды. ҚР 2018 жылдың қортындысы бойынша — 49,8%. (стандарт 50% -дан төмен болмауы керек).
Туберкулезді амбулаториялық емдеудің мақсаты:
1) стационар жағдайында туберкулез микобактерияларының нозокоминалды таралуының алдын алу;
2) туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеу кезінде қолайлы психологиялық жағдай жасау;
3) қоғамда туберкулезбен ауыратын науқастарға қатысты кемсітулерді төмендету.
2019 жылға міндеттер:
1) 2019 жылдың 1 тоқсанында «Жамбыл облыстық туберкулезге қарсы диспансері» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл облыстық фтизиопульмонологиялық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына ауыстыру.
2) Облыста туберкулездің негізгі эпидемиологиялық көрсеткіштерін тұрақты түрде төмендету.
3) Науқастарды амбулаториялық жағдайда емдеудің көлемін ұлғайту.
4) Науқастарды емдеуде смартфон арқылы бейне бақылау емнің көлемін ұлғайту.
5) Тұрғындар арасында профилактикалық алдын алу жұмыстарын жандандыру және т.б.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (2 апта)

Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (2 апта)

07.08.2026, 20:05
Диалог пен медиация: тұрақтылық кепілі

Диалог пен медиация: тұрақтылық кепілі

07.08.2026, 18:49
Қайтарылған активтер – ауыл тұрғындарының игілігіне: Мойынқұмда ауыз су жүйесі жаңғыртылуда

Қайтарылған активтер – ауыл тұрғындарының игілігіне: Мойынқұмда ауыз су жүйесі жаңғыртылуда

07.08.2026, 17:22
Жамбыл облысында есірткі қылмысына қарсы ауқымды кешенді іс-шаралар жүзеге асырылуда

Жамбыл облысында есірткі қылмысына қарсы ауқымды кешенді іс-шаралар жүзеге асырылуда

07.08.2026, 11:15

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (2 апта)

07.08.2026, 20:05

Диалог пен медиация: тұрақтылық кепілі

07.08.2026, 18:49

Шаңырақ шуағы: отбасы тұрақтылығының маңызы

07.08.2026, 18:43

90-нан аса елден 1900-ден аса жи-фильм Аstana ai film festival байқауына ұсынылды

07.08.2026, 18:11

Жамбылдық жас айтыскерлер мен жыршылар Алина Айдаралымен жүздесті

07.08.2026, 17:28

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

    Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қаласында «Taraz-Insight 2026» әлеуметтік жобасы іске асырылады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.