• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
18.08.2026, 19:40
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОММУНАЛДЫҚ ТАРИФТЕР ТӨМЕНДЕТІЛІП ЖАТЫР

turan_admin turan_admin
28.12.2018, 18:52
Облыс жаңалықтары
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОММУНАЛДЫҚ ТАРИФТЕР ТӨМЕНДЕТІЛІП ЖАТЫР
317
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Ерболат Дүйсембиев, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Алдамжаров қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Спикерлер тарифтерді төмендету жөніндегі шаралар туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Тарифтерді төмендету жөнінде берілген тапсырмалар бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілді. Оның ішінде: Тауарлық газ тарифі бойынша 2019 жылдың 1 қаңтарынан тауарлы газдың шекті бағасы Жамбыл облысына 11,4%-ға немесе 21,1 теңгеден 18,7 теңгеге төмендетілген болатын. Сонымен қатар, тауарлы газды тасымалдау қызметі де 25%-ға төмендетілді, яғни 1,0 м3 үшін 8,5 мың теңгеден 6,4 мың теңгеге. Нәтижесінде, тұрғындар үшін тауарлы газдың бөлшек сатылымдағы бағасы 1,0 м3 үшін 6,3%-ға немесе 27,2 теңгеден 25,5 теңгеге төмендетілді. Сондай-ақ, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, «Жамбыл ГРЭС» АҚ-мен өндіретін электр энергиясының тарифі 14%-ға немесе 9,5 теңгеден 8,1 теңгеге дейін және «Таразэнергоорталық» (ТЭЦ-4) 19%-ға немесе 11 теңгеден 8,7 теңгеге төмендетілді.
Электр энергиясын тасымалдайтын «ЖамбылЭлектрЖүйесі» мекемесінің тарифін 1-қаңтардан бастап 1,07%-ға төмендету бойынша келіп түскен ұсынысы қаралуда. Нәтижесінде қолданыстағы тариф 5,62 теңгеден болжаммен 5,56 теңгеге төмендейді. Электр энергиясын жабдықтайтын «ЖамбылЖарықСауда» мекемесінің тарифі 3,9%-ға дейін төмендету қаралуда. Нәтижесінде тұрғындарға арналған қолданыстағы тариф 15 теңгеден болжаммен 14 теңгеге төмендейді. Сәйкесінше, «Таразэнергоорталық» АҚ-ның жылу қуатының тарифі тұрғындар үшін 11,4%-ға төмендетілді, немесе:
— есептеу құралдары бар тұтынушыларға 1 Гкал үшін 1694 теңгеден 1502 теңгеге.
— есептеу аспаптары жоқтарға 3688 теңгеден 3267 теңгеге төмендетілді.
Шу қаласы «Шу Жылу» мекемесінің жылумен жабдықтау тарифі 8,4%-ға төмендетілді, немесе:
— есептеу құралдары бар тұрғындарға 1 Гкал үшін үшін 2254 теңгеден 2063 теңгеге
— есептеу құралдары жоқ тұрғындарға 3130 теңгеден 2866 теңгеге.
Қаратау қаласы «Игілік» мекемесінің жылумен жабдықтау тарифі 7,6 %-ға төмендетіледі, оның ішінде:
— есептеу құралдары бар тұрғындар үшін 1997 теңгеден 1845 теңгеге
— есептеу құралдары жоқ тұрғындарға 2392 теңгеден 2210 теңгеге

Ауыз сумен қамту саласында Ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап, тұрғындар үшін 1 м3 суық су бағасы 21,9%-ға төмендеген немесе 52,3 теңгеден — 40,8 теңгені құрады;
— кәріз қызметі 0,4%-ға төмендеп, 16,4 теңгеден 16,3 теңгені құрады.
Шу қаласындағы «Теміржолсу Шу» мекемесі бойынша ауыз сумен қамтамасыз ету қызметінің тарифі 3,2%-ға немесе 30,2 теңгеден 29,2 теңгеге төмендеді. Пәтер иелерінің коперативтері, тұрмыстық қатты қалдықтар және лифт қызметтері тарифі бойынша
Тұрғын үй коперативтері қызметінің тарифі 1 қаңтардан бастап 20%-ға немесе 15 теңгеден 12 теңгеге төмендетіледі.
Тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару тарифі — 5%-ға, яғни бір адамға 100 теңгеден 94,5 теңгеге төмендетіледі.
Лифт қызметі бойынша тариф 7,1%-ға төмендетіледі, 1 пәтер үшін 770 теңгеден 715 теңгеге түседі.
Тараз қаласында 29 үй оның ішінде ақылы пайдаланылатын 4 үй «Атшабар» және «Дәмдес отау».

Көмір бойынша Бүгінге тұрғындарға қажетті 333 мың тонна көмірдің дайындалғаны 100%, оның ішінде сатып алынғаны 304,7 мың тоннаны құрайды, қалған 28,3 мың тоннасы көмір сату орындарында. Сіздің Үкімет отырысында берген тапсырмаңызға сәйкес, шұғыл түрде облыста көмір сатумен айналысатын 8 кәсіпкер іріктеліп (ЖК «Құрбанов», «Галиаскарова», «Машанло», «Хиншанло», «Абиш», «Алиев», «Иманалиев», «Алем Комир») «Шұбаркөл көмір» АҚ және «Қаражыра» көмір бағасын төмендету бағытында кәсіпкерлермен үш жақты Меморандум жасалынды.
Бүгінгі таңда аталған тупиктерде «Шұбаркөл» көмірін босату бағасы 12 300 теңге, ал «Қаражыра» көмірінің төмен сападағы көмірі 12 000 теңге, байытылған сапалы көмірі 15 500 теңгеден сатылуда, тұрғындар тарапынан әлеуметтік шиеленіс тудыратын жағдай орын алған жоқ.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Таразда балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша семинар өтті

Таразда балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша семинар өтті

15.08.2026, 17:33
Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (7–13 тамыз 2026)

Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (7–13 тамыз 2026)

14.08.2026, 20:55
68 млн теңге кімге бұйырды? Жамбылда білім саласының үздіктері марапатталды

68 млн теңге кімге бұйырды? Жамбылда білім саласының үздіктері марапатталды

14.08.2026, 13:49
Мырзабосынов мереке қарсаңында спорттық менеджерлерге құрмет көрсетті

Мырзабосынов мереке қарсаңында спорттық менеджерлерге құрмет көрсетті

13.08.2026, 20:20

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Басты дебатқа қатысатын партиялардың реттік нөмірлері анықталды!

18.08.2026, 11:50

«Сізге банктен қоңырау шалып жатыр»: телефон алаяқтарын қалай тануға болады

18.08.2026, 11:41

Сөз – ұлттың визиттік карточкасы

18.08.2026, 11:33

Президенттің АӨК өнімділігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау

18.08.2026, 11:30

Тек ресми мәліметтерге сеніңіз: JAQ.OrtCom фейктердің таралуы туралы ескертеді.

18.08.2026, 11:25

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбылда білім саласында байқау мен конкурстарға жауапты мекеме басшысы тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл прокуратурасында кадрлық ауыс-түйіс орын алды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстандықтардың басым бөлігі Қ.К.Тоқаевқа сенім білдіреді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қаласында «Taraz-Insight 2026» әлеуметтік жобасы іске асырылады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.