Алғашқы концерт Қордай ауданында жоғары деңгейде өтті. Кешке 500-ден астам көрермен жиналып, ҚР «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің орындауындағы қазақ және әлем халықтарының билерін зор ықыласпен тамашалады.

Концерт барысында Кенен Әзірбаевтың әнін орындаған Диас Мұратхан көрерменнің ерекше ықыласына бөленіп, рухани кештің сәнін аша түсті.
Концерт соңында ансамбль артистеріне Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі тарапынан алғыс хаттар табысталды.







