• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:11
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ 29,1% СПОРТПЕН АЙНАЛЫСАДЫ

turan_admin turan_admin
10.04.2019, 15:38
Облыс жаңалықтары
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ 29,1% СПОРТПЕН АЙНАЛЫСАДЫ
238
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбековтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Нұрбол Әбдімәжитұлы басқарма 2018 жылы атқарған жұмыстары және 2019 жылы алда тұрған міндеттері туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

2018 жылдың қорытындысы бойынша облыста дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар қатары 327 мыңнан астам адамға жетіп, облыс тұрғындарының 29,1% құрады. Бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 7,8 мың адамға немесе 0,5% өсті.

Сонымен қатар, дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын 14 жастан 29 жасқа дейінгі жастар саны 144,8 мың адамға жетті. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 5,2 мың адамға өсті.

Қазіргі кезде облыста 48 спорт мекемесі бар (спорт түрлері бойынша 6 спорт клубы, «Бұқаралық-спорттық шаралар өткізу орталығы», «Жоғары спорт шеберлігі мектебі», «Олимпиада жеткіншектерін даярлау орталығы», «Тараз-Арена» спорт сарайы, «Облыстық мамандандырылған дарынды балалар мектеп-интернаты», Қаратау қаласындағы және Қордай ауданындағы дене шынықтыру және сауықтыру кешендері және 35 балалар-жасөспірімдер спорт мектептері). Олардың 30-ы аудан әкімдіктерінің құзырында.

Жалпы, облыстың спорт мекемелерінде спорттың 43 түрі қамтылған. Оның ішінде 24 олимпиадалық, 12 олимпиадалық емес және 7 ұлттық спорт түрі бар.Облыстағы спорт мекемелерінде 25 068 спортшы (16 316 спортшы ауылдық спорт мектептерінде) тұрақты түрде спортпен шұғылданады. 2017 жылмен салыстырғанда 1003 спортшыға артты.2018 жылдың қорытындысы облыс бойынша салауатты өмір салтын насихаттау бағытында барлығы 3286 спорттық іс-шара ұйымдастырылып, аталған іс-шараларға 603,7 мың адам қатысты.

Соның ішінде соңғы жылдары спорт және білім басқармалары бірлесіп өкізіп келе жатқан облыстық «Мектеп Лигасы» спорттық (кіші футбол, волейбол, баскетбол)ойындарына 101 мыңнан астам оқушы қатысты.

Сонымен қатар, жоғары және арнайы орта білім беретін оқу орындарының студенттері арасындағы спартакиадалар, қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің ауылдық, аудандық және облыстық іріктеу жарыстары, асық атудан «Алтын сақа» ауылдық, аудандық және облыстық жарыстары, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстық «Аула ойындары фестивалі», Астана қаласының 20 жылдығына арналған көше ойындарынан Жамбыл облысының чемпионаты, мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада, кіші футболдан  облыстық турнир мен басқа да көптеген бұқаралық сипаттағы жоспарлы іс-шаралар өткізілді.

Қазіргі таңда, облыста спорт нысандарының жалпы саны 2 341-ге жеткен (1 спорт сарайы, 17 стадион, 20 спорт кешені, 1175 спорт алаңшасы, 623 спорт залы, 449 футбол алаңы және 56 басқа да нысандар). Оның ішінде 1640 спорт нысаны ауылдарда орналасқан.

2018 жылы облыс бойынша қолжетімді 1933 спорт нысаны анықталды. Оның 503-і Тараз қаласында, 1430-ы аудандарда орналасқан.

2018 жылы Астана қаласының 20 жылдық мерей тойы қарсаңында облыс бойынша 5 спорт нысаны ашылып, халық игілігіне берілді.

2018 жылы облыс спортшылары жалпы 1547 медальға қол жеткізді.

 

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.