• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:05
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл облысы Отар ауылында жаңа Мәдениет үйі ашылды

turan_admin turan_admin
03.12.2021, 08:29
Облыс жаңалықтары
Жамбыл облысы Отар ауылында  жаңа Мәдениет үйі ашылды
343
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Қордай ауданындағы Отар ауылында 180 орындық Мәдениет үйі пайдалануға берілді. Жаңа нысанның ашылуына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты.

Былтыр аймақ басшысы  Отар ауылына алғаш арнайы ат басын бұрып, тұрғындармен кездескенде жергілікті халық көптеген мәселелерді көтерген болатын. Ол мәселелердің негізгілері –Мәдениет үйі мен спорт кешенінің салу және көгілдір отынның қажеттілігі еді.

Халық өтінішін назарға алған аймақ басшысы бұл бағыттағы жұмыстар жедел қолға алынатынын жеткізген. Әкімнің жеке бақылауымен тұрғындардың тілегі орындалып, аталған мәселелер өз шешімін тапты.

Бұған дейін ауылға газ тартылса, жақында ғана спорт кешені пайдалануға берілді. Енді, міне, жаңадан бой көтерген Мәдениет үйі ашылып отыр.

— Бүгін біз үшін көптен күткен қуанышты күн. 40-50 жыл бойы ауылымызға газ кірсе деп армандап келген едік. Бұл мәселе бойынша бармаған жеріміз жоқ еді. Ақыры облыс басшысы мәселемізді өз назарына алып, ауылға көгілдір отын тартып берді. Өзім жиырма жыл ауыл ақсақалдарының төрағасы болдым. Көптен бері ауылға спорт кешені,  Мәдениет үйі қажет екенін мәселе ретінде көтеріп келдік. Ол өтініштеріміз де назардан тыс қалмай, орындалып отыр.  Осы үшін Мемлекет және облыс басшысына, осы іске атсалысқан барлық азаматтарға алғыстан басқа айтарымыз жоқ, — дейді Қордай ауданының Құрметті азаматы, еңбек ардагері Әбдіқасым Иманқұлов.

Аймақ басшысы жаңа ғимаратты аралап көріп, оның жоспарлы жұмысымен танысты.

Айта кетсек, ғимараттың құрылысы былтыр қыркүйек айында басталып, қазіргі таңда жұмыстар толығымен аяқталған. Нысанның мердігері – «Байсын-А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Екі қабатты зәулім ғимаратта вокал, көркем сөз, домбыра, хореография, қолөнер, әжелер және аталар ансамблі секілді үйірмелер жұмыс істейді. Онда 14 қызметкер еңбек етуде. Оған қоса 12 мың дана кітап қоры бар.

— Біз секілді қарияларға газдың келгені үлкен қамқорлық болды. Ал Мәдениет үйі ауылымыздың жалынды, өнерлі жастары үшін керемет тарту.  Өтінішімізді елеп, еңселі нысанның бой көтеруіне атсалысқан баршаға ризашылығымызды білдіреміз,- дейді ауыл тұрғыны  Әлімбүбі Иманқұлова.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.