• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 01:31
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл облысы Меркі ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды

turan_admin turan_admin
02.08.2021, 12:24
Облыс жаңалықтары
Жамбыл облысы Меркі ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды
412
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Өткен сенбі күні Меркі ауданының орталығында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды, оған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев арнайы қатысты.

«Облыстың барлық аудандарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендері мен спорт алаңдары ашылуда. Мұның бәрі мемлекеттің қолдауының арқасында жүзеге асып жатыр. Тәуелсіздік жылдарында біздің спортшыларымыз түрлі жарыстардан жүздеген медаль жеңіп алды. Жүлдегерлердің арқасында біздің Туымыз көкте желбіреп, Әнұранымызды бүкіл әлем жұртшылығы тыңдайды. Біз Қазақстанның олимпиадалық жетістіктерінің ортақ қоржынына жамбылдық спортшылардың да үлес қосқанын мақтан тұтамыз. Елдос Сметов, Бақтияр Артаев сияқты олимпиадашылардың жетістіктері – еңбексүйгіштік пен өз күшіне деген сенімнің үлгісі. Егер жастар осындай ұлт мақтаныштарын үлгі тұтатын болса, онда олар да табысқа жете  алады. Біз сіздердің жарқын жеңістеріңізді асыға күтеміз! Сіздер бүкіл халықтың үмітін ақтайтындарыңызға сенімдімін», — деді облыс әкімі кешеннің жас спортшыларына.

Жас спортшы Жамбыл Тұрғыналиев үлкен жетістіктерге жететініне уәде берді.

         «Ел басшылығы спортты дамыту үшін мүмкіндігінше жағдай жасауда. Бүгінгі қуанышты оқиға да соның дәлелі. Мұда балалар мен жастар бос уақыттарын тиімді өткізетін болады», — деді Меркі ауданының Құрметті азаматы Қамбар Иманалиев.

Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысына «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы бойынша қаражат бөлінген. Мұнда спорт әуесқойлары футбол, волейбол, гандбол, баскетбол, бокс, күрес, дзюдо, қазақша күрес түрлерімен айналыса алады. Барлық залдар инвентарьмен және қажетті жиһаздармен жабдықталған. Кешенде тренажер залы, төрт киім ауыстыратын бөлме және медициналық кабинеттер бар.

        Ғимарат пандустармен және арнайы дәретханалармен қамтамасыз етілген десек, бұл нысанның мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімділігін арттырады.

Бұл күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың жұмыс сапары Қордай ауданында жалғасып, биофармацевтикалық зауыттың жұмысымен және бірқатар нысандардың құрылыс барысымен танысты. Гвардейск кентіндегі биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтына іргелес аумақта үш көппәтерлі тұрғын үй, дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда. Мердігерлер – «БазисДорСтрой» және «Агроспецстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері. Барлық нысандар қыркүйектің алғашқы онкүндігінде тапсырылады деп күтілуде. Бердібек Сапарбаев жауапты тұлғаларға жұмыстарды сапалы әрі мерзімінде аяқтауды жүктеді.

Содан кейін биологиялық қауіпсіздік мәселелері ҒЗИ-да штабтың кезекті отырысы өтті, онда коронавирусқа қарсы шығарылатын вакцина көлемін арттыруға байланысты мәселелер қаралды.

Жұмыс сапары барысында Бердібек Сапарбаев Отар ауылындағы Мәдениет үйі құрылысының да барысымен танысты. Мердігер – «Байсын — А» ЖШС нысанды бір ай ішінде тапсыруға ниетті. Жаңа мәдениет ошағының құрылысына әсіресе жергілікті көркемөнерпаздар қуануда. Нысан ауыл жастарына дайындық өткізіп, музыкалық аспаптарда ойнауды үйрететін орынға айналмақ. Балалар мұнда түрлі үйірмелерге қатыса алады. Мұнда кітапхана орналаспақ. Акт залы 180 көрерменге есептелген.

Облыс әкімі мердігер компанияға ғимарат аумағын абаттандыру жұмыстарын жүргізуді міндеттеді.

Айта кетейік, бұдан бөлек ауданға қарасты Жамбыл ауылында да «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Мәдениет үйі салынуда десек, жақында Қарасу ауылында тағы бір Мәдениет үйінің құрылысы басталмақ.

Аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Әділет Қаспақбаевтың айтуынша, Қордай ауданында төрт түліктің қыстауына қатысты мәселелер, жем-шөп тапшылығы туындамайды деп күтілуде. Мал қыстауын алаңсыз өткізу үшін 267 200 тонна шөп қажет десек, жоспар 98 пайызға орындалған. 74 200 тонна сабан (жоспарланған көлемнің 67 пайызы), 15 000 тонна пішендеме (100 пайыз) дайындалды. Шөп шабу жұмыстары әлі де жалғасуда.

Қордай ауданына су ресурстарының басым бөлігі Қырғыз Республикасының аумағынан келеді. Биыл су аз болғандықтан, көршілермен келіссөздер кезінде де ауданның қажеттілігі үшін керекті су көлемін өткізу туралы мәселені толығымен шешу мүмкін болмады. Қордайлықтар бұл түйінді түйткілді шешудің жаңа жолдарын қарастыруда.

Қордай ауданында барлығы 39,4 мың гектар суармалы жер бар. 12 830 гектарға су үнемдеу технологиялары енгізілген. Ирригациялық дренаж жүйелерін жетілдіру жобалары аясында 13 канал күрделі жөндеуден өтуде. Онда 44 658 метр ирригациялық желі қамтылады. Сондай-ақ,  Еуропалық қайта құру және даму банкінің есебінен 9 арнаға ағымдағы жөндеу жүргізілуде, ұзындығы 34,9 шақырым арнаны тазарту бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Сонымен қатар, ұзындығы 3,1 шақырым жаңа арна салынып, үш су қоймасының құрылысы жоспарлануда.

Қазірге дейін ауданға Шу өзенінен 45,92 млн текше метр су келген.  Шаруа қожалықтарына су кестеге сәйкес берілуде.

 

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.