• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 20:00
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл облысы бойынша 61 азаматтың құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары қорғалуы тиіс

turan_admin turan_admin
21.02.2026, 09:36
Қоғам
Жамбыл облысы бойынша 61 азаматтың құқығы қорғалды
267
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы қағидаттарына негізделеді.

Мемлекеттік қызметшілердің еңбекті және денсаулықты қорғауға, қауіпсіз әрі тиімді еңбек жағдайларына, сондай-ақ әлеуметтік және құқықтық қорғалуға құқығы бар.

Осы бағытта Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті қызметінің негізгі басымдықтарының бірі – азаматтар мен мемлекеттік қызметшілердің бұзылған құқықтарын қорғау және қалпына келтіру.

2025 жылы Департамент қабылдаған бақылау шараларының нәтижесінде облыс бойынша 61 азаматтың құқығы қорғалды (оның ішінде 56 – мемлекеттік қызметші, 5 – жеке тұлға).

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметшілерге қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге баруға байланысты шығындар өтелуге тиіс. Сонымен қатар еңбек заңнамасында іссапар шығындарын төлеу мерзімдерін бұзғаны үшін өсімпұл төлеу қарастырылған.

Департамент жүргізген тақырыптық талдау нәтижесінде қабылданған шаралар негізінде 213 мемлекеттік қызметшіге жалпы сомасы 372 233 теңгені құрайтын өсімпұл төленді.

Еңбек заңнамасына сәйкес үстеме жұмысқа тартылған мемлекеттік қызметшілерге тынығу сағаттары берілуі тиіс. Жұмыс уақыты режимінің сақталуына жүргізілген мониторинг нәтижесінде:

  • мемлекеттік органдарға бару арқылы жүргізілген тексерулер нәтижесінде 15 қызметшіге 22 сағаттан астам демалыс уақыты берілді;

  • «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі арқылы қашықтықтан мониторинг жүргізу нәтижесінде 247 мемлекеттік қызметшіге 357 сағаттан астам қосымша демалыс уақыты беріліп, олардың құқықтары қалпына келтірілді.

Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілерді үстеме жұмысқа тарту мәселесі Әдеп жөніндегі кеңестің отырысында екі рет қаралып, нәтижесінде мемлекеттік органдарға 15 ұсыным енгізілді.

Жолданымдарды қарау қорытындысы бойынша 7 азаматтың (4 – мемлекеттік қызметші, 3 – жеке тұлға) құқықтары қалпына келтіріліп, 12 қызметші түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Атап айтқанда, ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына іріктеу және конкурс өткізу қағидаларының талаптарын бұзудың 2 фактісі анықталды. Департамент ұсынуының негізінде өткізілген конкурстардың нәтижелері жойылып, шағым иелерінің құқықтары қалпына келтірілді.

Сонымен бірге мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарынан өтуі бойынша талдау жүргізіліп, нәтижесінде жергілікті атқарушы органдардың 33 мемлекеттік қызметшісі тиісті оқудан өтті.

Тәртіптік комиссиялардың қызметіне жүргізілген талдау қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілерге заңсыз берілген 2 тәртіптік жазаның күші жойылды.

Мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау – тиімді әрі әділ мемлекеттік басқарудың маңызды кепілі.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Айдархан Қалиев, дизайнер, «Aspara» брендінің негізін қалаушы:   «Бір көйлекті сапалы етіп шығару үшін мың рет толғанамын»

Айдархан Қалиев, дизайнер, «Aspara» брендінің негізін қалаушы: «Бір көйлекті сапалы етіп шығару үшін мың рет толғанамын»

03.09.2026, 12:23
Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

«Сайлау қорытындыларына күмән келтіруге негіз жоқ» – Азаматхан Әміртаев

24.08.2026, 15:50
«ХАЛЫҚ ҮНІ» САҚАДАЙ САЙ: ТАРАЗДА ТӘУЕЛСІЗ БАЙҚАУШЫЛАР ДАЯРЛЫҚТЫ АЯҚТАДЫ

«ХАЛЫҚ ҮНІ» САҚАДАЙ САЙ: ТАРАЗДА ТӘУЕЛСІЗ БАЙҚАУШЫЛАР ДАЯРЛЫҚТЫ АЯҚТАДЫ

21.08.2026, 20:05
Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (7–13 тамыз 2026)

Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (7–13 тамыз 2026)

14.08.2026, 20:55

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.