• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 19:56
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл ауданында қанша педагог жұмыс істейді

Жамбыл ауданы білім бөлімінің басшысы Зауре Абдирасилова аудандағы 2024 жылы атқарылған жұмыстары бойынша қорытынды есеп берді.

Turan Redaktor Turan Redaktor
14.01.2025, 19:22
Облыс жаңалықтары
Жамбыл ауданында қанша педагог жұмыс істейді
131
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысы білім басқармасының басшысы Садырқұлов Рауан Нұрғалиұлы төрағалық еткен шараға басқарма басшысының орынбасары Жангожаева Күнімжан Абдилаканқызы, ауданның мектеп директорлары, мектепке дейінгі білім мекемелерінің меңгерушілері, қосымша білім беру мекемелерінің басшылары мен ұстаздар, жалпы, 250 педагог қатысты.

Қорытынды есеп барысында білім беру саласының негізгі жетістіктері мен түйткілді мәселелері кеңінен талқыланды. Зауре Абдирасилова өз баяндамасында мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру ұйымдарындағы жұмыстардың нәтижелері мен жүзеге асырылған жобалар туралы ақпарат берді. Атап айтқанда, педагогтердің біліктілігін арттыру, мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсарту, цифрландыруды дамыту және инклюзивті білім беруді жетілдіру бағытындағы шаралар жан-жақты баяндалды. Сонымен қатар, аудандық білім беру жүйесінің басты мәселелері қозғалып, олардың шешу жолдары ұсынылды.

➤ Бүгінгі күні Жамбыл ауданында 77 білім беру мекемесі жұмыс атқарады. Оның  44-і күндізгі жалпы орта білім беретін мектептер, 3 қосымша білім беру мекемелері және 16 мемлекеттік, 14 жекеменшік балабақша жұмыс жасайды. 2024-2025 оқу жылында аудан бойынша барлығы 16 945 оқушы білім алуда.

Жамбыл ауданының білім беру саласының 2024 жылғы жетістіктері мен жоспарлары:

• Мектептерді модернизациялау: 2024 жылы 19 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жалпы бюджет 208 млн теңгені құрады.

• Цифрландыру және қауіпсіздік: 38 білім беру мекемесінің барлығында Wi-Fi желісі орнатылды (қамту – 100%). Білім беру мекемелері 100% бейнебақылау және дабыл жүйелерімен жабдықталған.

• Педагогикалық жетістіктер: Ауданда 2007 педагог жұмыс істейді. Оның 97,3%-ы жоғары білімді ұстаздар. 2024 жылы 3 педагог облыстық «Үздік педагог» байқауында жеңімпаз атанды.

• Оқушылардың жетістіктері: Облыстық және республикалық олимпиадаларда 171 оқушы жүлдегер атанды. «Мың бала» олимпиадасында 40 оқушы жеңімпаз атанды.

• Қосымша білім беру: 90,3% оқушы түрлі үйірмелер мен секцияларға қатысады. Техникалық шығармашылық орталығында 1113 оқушы білім алады.

• Мектепке дейінгі тәрбие: 50 мектепке дейінгі ұйым 5247 баланы қамтып отыр. «Smart toys» және «Ecolab» жобалары енгізілді.

Басқарма басшысы Рауан Нұрғалиұлы жиынның қорытынды сөзінде білім саласындағы жаңашылдықтар мен басымдықтарды атап өтіп, алдағы жылға жоспарланған міндеттерді нақтылап, жұмысты жүйелі жүргізу бойынша тапсырмалар берді. Сонымен қатар, педагогтардың кәсіби дамуына және оқу орындарының үздіксіз жетілуіне бағытталған қолдау шаралары жалғасатынын айтты. Жиын соңында педагогтар тарапынан ұсыныстар айтылды.

Жамбыл облысы әкімдігінің Білім басқармасы

Тегтер: білім бөлімі.ЕсепЖамбыл ауданыПЕДАГОГ
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12
«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.