• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:22
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жаңа серпін сыйлады

turan_admin turan_admin
19.01.2019, 19:05
Облыс жаңалықтары
Жаңа серпін сыйлады
287
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты қазақстандықтарға арнаған Жолдауы жастарды бір серпілтіп, бойына жігер сыйлағандай. Cебебі, Жолдауда Елбасының еліміздің болашағы – жастарға айрықша көңіл бөліп, жастар саясатын дамытуды көздейтін «Жастар жылын» қабылдауға ұсыныс білдіруі қоғамда зор қолдау тапты. Жолдауда: «Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуы тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек. Келесі жылды «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынамын», — деп мәлімдеді Президент. Осыған орай, атаулы жыл аудан көлемінде лайықты деңгейде өтуі үшін «Жастар жылы – жаңа серпін бастауы» тақырыбын арқау еткен аудан әкімі Қ.Ә.Досаевтың жастар қауымымен кездесуі өтті. Нақтырақ айтқанда, бұл аудандағы «Жастар жылының» шымылдығын ашқан алғашқы шара еді.
Аудандық Мәдениет үйінде өткен еркін форматтағы кездесуге 14 пен 29 жас аралығындағы аудан жастары жиналды. Олардың қатарында жас кәсіпкерлер, жас мамандар, колледж студенттері мен оқушылар бар.
Кездесу Қайрат Әскербекұлының алғысөзімен салтанатты түрде ашылды.
— Жастар қоғамның қозғаушы күші. Еліміздегі жастар саны 4 млн-ға жуық болса, соның ішінде өңір жастарының саны – 22 211. Ол аудан тұрғындарының 22,1 пайызын құрайды. Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан жастар үшін қолайлы жағдайлар жасалуда. Елбасы Н.Назарбаев жастарды назардан тыс қалдырмай, ұтымды мемлекеттік бағдарламалардың бастамшысы болып жүргеніне баршамыз куәміз. Осының арқасында аудан жастары білім, спорт, өнер, ауылшаруашылығы сынды салаларда аудан, облыс, республика абыройын асқақтатуда аянбай еңбектеніп келеді. «Жастар жылын» жаңа серпінде өткізуде түрлі шараларды қолға алып, ел болашағы – жастардың әл-ауқатының өсуіне үнемі қолдау көрсететін боламыз. Сіздерді «Жастар жылымен» шын жүректен құттықтаймын, — деп сөз сөйлеген аудан басшысы осы жылдың сәтті өтуіне тілек білдірді.
Осыдан кейін кеш модераторы Медет Атайбек аудан жастарының жағдайы туралы қысқаша статистикалық мәлімет келтіріп өтті. Мәлімдеуінше, өткен жылы аудандағы 22 221 жастың 1509-ы аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа тартылған. Оның ішінде ваканттық бос жұмыс орындарына 877, «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша 302, қоғамдық жұмысқа 97, әлеуметтік жұмыс орындарына 19, қысқа мерзімді оқыту курсына 161, кәсіпкерлік негіздеріне оқуға 54 жас қамтылып, 30 жас несиемен қамтылған.
Залға жиналған жастар қауымы алдында өзінің ақ тілегін ақтарып, келелі ойы пен пайымды пікірін білдіруге Шу қалалық ардегерлер кеңесінің төрағасы Қуаныш Қарғабаев та келді. Өз кезінде еңбекке ерте араласып, талай қызметті абыроймен атқарып, бүгінгі күні бейнетінің зейнетін көріп отырған ақсақал кездесу барысында сөйлеген сөзінде жастарды қазыналы қарттарға сый-құрмет көрсетуге баулу бағытында түрлі шаралар өткізіп жүргендігін жеткізді.
Жастар үшін ұйымдастырылған кездесуде мемлекеттік бағдарламалардың тиімді тұстары жеткілікті түрде түсіндірілді. Мәселен, өткен жылы алғаш рет қолға алынған «Zhas Project» жобасының ұтымдылығы туралы жобаның грант иегері Камила Сейсембаева жеткізе білді. Жалпы, аталмыш жобаға ауданда 24 жоба қайтарымсыз несие арқылы осы күнге дейін өз жұмысын жалғастырып келеді. Нәтижесінде жұмыссыз отырған 76 жас жұмыспен қамтылған. Олардың басым көпішілігі сүт өнімдерімен айналысуда. Нақтырақ айтқанда, 24-тің 9 жобасы сүт өнімін қолға алып, шамамен 2010 литр сүт өндіріп, жоба шарты бойынша әлеуметтік жағдайы төмен 820-ға жуық тұрғынды сүтпен қамтып отыр.
Сөз кезегін ары қарай жалғаған «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының басшысы Сания Тубекова партия жұмысында жастардың мүддесін қорғап, белсенді жастарға қолдау көрсетуде атқарылған жұмыстары туралы баяндаса, үкіметтік емес ұйым ретінде мүмкіндігі шектеулі жандар, мұқтаж балалар мен жастар үшін шапағатын тигізіп жүрген «Қазақстандық көпсалалы әлеуметтік мекемесінің» директоры Нұржан Рахимов жастарды белсенді болуға шақырды.
Ауылда жұмыс атқарамын деген жастарға ең қолайлы мемлекеттік бағдарлама «Дипломмен ауылға» екендігі даусыз. Бағдарлама іске асырылғаннан бүгінгі күнге дейін өңірде 423 маман жұмысқа орналасып, 216 маманға бюджеттік несие берілген. Кездесу барысында бұл бағдарламаның да маңызы жіті түсіндірілді. Алдымен бағдарламаға қатысып, мамандығы бойынша жұмыс жасап, баспаналы болып отырған жас туралы ауданымызда арнайы түсірілген бейнеролик ұсынылды. Артынша осы бағдарламаның қызығын көріп отырған М.Әуезов атындағы шағын орталықты орта мектебінің жас маманы Динара Көшеннің пікірі тыңдалды.
Елбасы жуырда өткен VIII Азаматтық форумда еріктілер қозғалысына қолдау көрсету керектігін ерекше атап өткен болатын. Бірақ, еріктілер қозғалысы ауданда қуантарлық деңгейде емес. Сондықтан осы жөнінде сөз қозғап, өз ұсынысын білдіруге келген еріктілер қозғалысының жетекшісі Еркін Тулебаев жастарды белсенділік пен ауызбіршілікті ту етіп, ерікті жұмыс жасауға шақырды.
Осыдан кейін мемлекеттік бағдарламаларға қызығушылық танытқан жастар аудан басшысына қосымша сұрақтар қойып, мардымды жауаптар алды.
Келелі өткен кездесу соңында Қайрат Әскербекұлы жастарды тағы да ерекше жылмен құттықтап, мемлекет тарапынан ұсынылып отырған бар мүмкіндікті пайдалану керектігін тағы бір еске салды. Мәнді өткен шара Қуаныш Сейітұлының жастарға арнаған ақ батасымен аяқталды.
Балнұр ЖЕКСЕНБЕКҚЗЫ.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.