• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
18.11.2026, 06:53
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Тоқаев: «Реформалар елімізді өзгертсе, құндылықтар болашағын айқындайды»

Мемлекет басшысы ұлттық тәрбие мен қоғамдық әдептің маңызын атап өтті. Қазақстан Халық Кеңесінің форумында ел болашағына қатысты қандай ойлар айтылды?

Алина Мейірбекқызы Алина Мейірбекқызы
20.10.2026, 10:08
Қала жаңалықтары
Тоқаев: «Реформалар елімізді өзгертсе, құндылықтар болашағын айқындайды»
10
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы Ерлан ҚошановБатыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барып, «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» атты республикалық форумға қатысты. Бұл – Президент тапсырмаларын жүзеге асыру аясында конституциялық органның өңірлерде өткізген алғашқы іс-шарасы. Диалог алаңында мыңнан астам қоғам өкілі, белсенді аналар мен сарапшылар бас қосты.

Алдымен Ерлан Қошанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтыңфорум қатысушыларына арналған құттықтау хатын оқып берді. Президент республикалық форумының ашылуымен құттықтап, Қазақстан Халық Кеңесінің ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан алқалы жиын ұлттық тәрбие мен қоғамдық мәдениеттің сабақтастығын дәріптейтін маңызды іс-шара екенін атап өтті.

Конституция – еліміздің өсіп-өркендеуіне жол ашатын қастерлі құжат әрі халқымыздың жаңа дәуірдегі болмыс-бітімін айқындайтын темірқазық. Сондықтан бәріміздің алдымызда тұрған аса маңызды мақсат – Конституциямыздың басты құндылықтары мен маңызын халық арасында, әсіресе, жастарға жан-жақты түсіндіріп, кең ауқымда дәріптеу. Өйткені, қазіргідей құбылмалы, тұрақсыз және күрделі уақытта мемлекеттігіміздің мыңдаған жылдық тарихы мен дәстүрін жадымызда сақтай отырып, жұртымыздың бойына озық ойлы ұлтқа тән игі құндылықтарды сіңіру аса өзекті міндет саналады, – делінген құттықтауда.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы өркениетті ел болу қастерлі Отанымыздың мүддесі үшін тұтас қоғам болып табанды еңбек етуден басталатынына ерекше мән берген.Себебі, еңбекті қадірлейтін қоғамның азаматтары әр іске зор жауапкершілікпен, жанашыр жүрекпен және адал ниетпен қарайтыны сөзсіз.

Біз тұтас қоғам болып «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасын қолға алдық. Бүкіл ел бойынша тазалық іс-шараларын жүргізіп, осы қасиетті ұғымның терең мағынасын жұртымыздың, әсіресе, жастарымыздың санасына сіңіре бастадық. Осылайша, тазалық ұлт болмысының ажырамас бөлігіне, халқымыздың мызғымас құндылығына айналуда. Біз заң мен тәртіп үстемдік құратын, білім мен ғылымға, инновацияға баса мән беретін, бірлігі бекем, Әділетті, Қауіпсіз, Күшті әрі Таза Қазақстанды құрып жатырмыз. Осы маңызды миссияны жүзеге асыруға мемлекеттік мекемелермен қатар, тұтас қоғам, яғни әр отбасы, әр азамат, сондай-ақ қоғам белсенділері, ұстаздар қауымы және еріктілер күш біріктіріп, белсене атсалысуы керек. Бүгінгі басқосуда айтылатын ұтымды ұсыныстар мен тың идеялар осы мақсат-міндеттерді іске асыруға ықпал етеді деп сенемін, – делінген Президент құттықтауында.

Ерлан Қошанов өз сөзінде Мемлекет басшысы алға қойған ауқымды міндеттерді іске асыруда Халық Кеңесінің белсене атсалысатынын атап өтті. Конституциялық консультативтік органның басты миссиясы – жұртшылықты Президент реформалары мен бастамалары төңірегінде топтастыру.

Бүгінгі әңгіме – Отан мен отбасы туралы әңгіме, болашақ туралы әңгіме. Әдеп пен әдет, қоғамдық этика арқылы ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру туралы кеңес. Конституциямен бірге қоғамның сана-сезімі мен дүниетанымында да терең әрі маңызды өзгерістер орын алып жатыр. Президент әрбір қазақстандықтың туған тілін құрметтейтін, салт-дәстүрін сақтайтын, үлкенді сыйлап, білімге ұмтылатын, сонымен қатар әлемге ашық азамат болғанын қалайды. Осы қасиеттер отбасындағы тәрбиеден басталып, «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан», «Адал азамат» қағидаттары арқылы қалыптасуы тиіс, – деді Е. Қошанов.

Халық Кеңесінің төрағасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалары жеті жыл ішінде ел өміріне елеулі өзгерістер әкелгенін айтты. Жаңа экономикалық саясат экономиканы әртараптандыруға, әлеуметтік әділдікті нығайтуға мүмкіндік берді. Кейінгі жеті жылда Қазақстанның ішкі жалпы өнімі 181,7 млрд доллардан 306 млрд долларға дейін өсті. Жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім 9,8 мың доллардан 15 мың долларға жетті. 25 мың шақырым жол салынды. 1 300 жаңа мектеп бой көтерді, «Келешек мектептері» жобасы аясында 217 мектеп салынды.

Президент бастамасымен тәуелсіздік жылдарында бұрын-соңды болмаған ауқымды реформалар жүзеге асырылды. Бүгінде Қазақстан экономикалық тұрғыда да, әлеуметтік, мәдени-рухани тұрғыда да дамудың жаңа кезеңіне қадам басуда.

Осы жаңғыру үдерістерінің шарықтау шегі – жаңа Халық Конституциясы. Онымен бірге бүгінде адамдардың жүрегі мен санасында терең әрі маңызды өзгерістер орын алуда. Реформалар елімізді бүгін өзгертсе, құндылықтар оның елу жылдан кейін қандай болатынын айқындайды. Сондықтан Президент күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналуға тиіс қоғамдық құндылықтар мен бағдарларды жүйелі түрде қалыптастырып келеді, – деді Ерлан Қошанов.

Отырыс барысында форум қатысушылары тәрбие мәселесі, қоғамдағы адамгершілік құндылықтардың рөлі, білім беру және кітап оқу мәдениетін дамыту сияқты бірқатар маңызды мәселені ортаға салды.

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Наталья Дементьеваәскери бөлімдердегі моральды-тұрмыстық жағдайларды жақсарту мәселесін көтерді.

Бұл бағыт Халық Кеңесінің жұмысы аясында одан әрі жалғасын табады. Әскери бөлімдердегі жағдайды зерделеп, әскери қызмет өткеруді кезең-кезеңімен жақсарту шараларын айқындау жоспарланып отыр.

Тағы бір маңызды мәселе – жастарды жұмыспен қамту. «Жаңа мүмкіндік» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Арман Түлкібаев сұранысқа ие мамандықтарды меңгеріп, жұмысқа орналасуға көмектесетін «JOLTAP» жобасын іске асыру тәжірибесімен бөлісті. Осы тәжірибені кеңінен қолдану перспективаларына, соның ішінде ауыл жастарының кәсіби білім алып, жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейтуге мән берілді.

Кездесу барысында Халық Кеңесінің мүшесі, Республикалық Аналар алқасының төрайымы Назипа Шанаижәне Құрылтай депутаты Снежанна Имашевамен облыс басшылығы да сөз сөйледі.

Сонымен қатар «Наири» ҚР армян мәдени орталықтарының қауымдастығы» ЗТБ Аналар алқасының төрағасы Татьяна Мурадянқоғамдық этика туралы сөз қозғаса, «Түркістан облыстық ата-аналар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ақбаян Жакиповаәйелдер құқығын қорғау мәселесін көтерді. Ал қоғам қайраткері, ауған этномәдени бірлестігінің мүшесі Анна Мохаммададал азамат туралы өз пайымымен бөлісіп, Амангелді ауылдық кітапханасының меңгерушісі Гүлсім Искалиева кітап оқитын ұлт мәселесін қозғады.

Форум мемлекет пен қоғам арасында ашық пікір алмасу алаңына айналды. Алқалы жиын қоғамдық құндылықтарды нығайтуға, азаматтық жауапкершілікті арттыруға және қоғамдық әдепті қалыптастыруға бағытталған ел дамуының стратегиялық бағыттары мен нақты бастамаларды ұштастырды.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Тараз көшелері күн сайын тазартылуда

Тараз көшелері күн сайын тазартылуда

02.11.2026, 15:31
Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

31.10.2026, 17:54
Таразда қала тазалығына бағытталған ауқымды сенбілік ұйымдастырылды

Таразда қала тазалығына бағытталған ауқымды сенбілік ұйымдастырылды

31.10.2026, 17:04
Жібек жолы ауданында абаттандыру жұмыстары жандануда

Жібек жолы ауданында абаттандыру жұмыстары жандануда

29.10.2026, 19:34
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Бейқұт Жамангозов: «Халық үні — менің бағдарламамның негізі»

17.11.2026, 23:55

Айман Ашимова: «Тұрғындар тілегі басты назарда»

17.11.2026, 23:37

Жамбылда 116 инвестициялық жоба жүзеге асады: «Әділет» кандидаттары өндіріс ұжымымен кездесті

17.11.2026, 18:29

«Ақ әжелер ізімен» облыстық жобасының үздіктері анықталды

17.11.2026, 17:41

Туризм және инвестиция басқармасына жаңа басшысы тағайындалды

17.11.2026, 11:43

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына «Әділет» партиясы» тізіміне кімдер енді?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараздағы тергеу изоляторына жаңа бастық тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.