• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 08:35
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Таза Қазақстан. Экоакцияға 800 мыңға жуық жамбылдық атсалысты

790 мыңға жуық жамбылдық «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысты

Turan Redaktor Turan Redaktor
09.10.2024, 16:21
Облыс жаңалықтары
Таза Қазақстан. Экоакцияға 800 мыңға жуық жамбылдық атсалысты
34
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев кезекті аппараттық кеңесте «Таза Қазақстан» акциясы аясында құрылған телеграм-боттың жұмысын халық арасында кеңінен насихаттап, тұрғындармен тұрақты түрде кері байланыс орнатуды тапсырды.

Аппараттық кеңес отырысында алдымен қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигондардың жай-күйі қаралып, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Олжас Баққараев баяндама жасады.

Облыста 163 қоқыс полигоны бар. Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысына сәйкес онда 31,3 мың тонна тұрмыстық қалдықтар жинақталған.

Қалдықтарды жинау, тасымалдау бойынша 32 мекеме қызмет көрсетеді, олар 191 арнайы техникамен қамтылған.

792 контейнерлік алаңда қалдықтарды бөлек жинауға арналған үш түрлі контейнердің 4145 данасы орнатылған. Биыл 608 контейнер сатып алынды.

Өңірде тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу зауыттарының құрылысын жандандыру мақсатында 4 жобаны іске асыру көзделген. Нәтижесінде қолданыстағы сұрыптау желілерінің қуаты мен қалдықтарды қайта өңдеу көлемі ұлғаяды деп күтілуде.

Басқосуда басқарма басшысы қалдықтарды басқару жүйесіндегі бірқатар кемшіліктерді атап өтіп, шешу жолдарын ұсынды.

Бұдан бөлек, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Байділдә Шыналиев пен экология департаментінің басшысы Арсен Латыпов полигондардың қызметі мен жүргізілген мониторинг қорытындылары туралы хабарлады.

— Тұрмыстық қатты қалдықтар жинауға арналған полигондар заң талаптарына сай болуы керек. Облыс полигондарында сұрыпталған қалдықтар, яғни пластик, шыны, қағаз, металл қаптамаларын қайта өңдеуге жіберу жұмыстары ұйымдастырылуы тиіс. «Жасыл Даму» акционерлік қоғамына тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптайтын, өңдейтін зауыт құрылысы мен техника алуға арналған жобаларды ұсыну жұмыстарын жандандыру қажет. Мемлекеттен беріліп жатқан қолдауларды барынша тиімді пайдаланған жөн, – деп атап өткен облыс әкімі басқарма мен аудан басшыларының алдына нақты міндеттер қойды.

Энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы күн тәртібіндегі екінші мәселе, яғни аймақты абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша атқарылған жұмыстың есебін берді.

Қыркүйек айынан бастап Тараз қаласы мен аудандарда 2 айлық күзгі санитарлық тазалау жұмыстары басталды.

Сонымен бірге Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес республикалық «Таза Қазақстан» акциясы жалғасуда.

Бүгінге дейін сенбіліктерге 790 мыңға жуық жамбылдық қатысты, оның ішінде тұрғындар, ардагерлер, жастар, үкіметтік емес ұйымдар мен этнос өкілдері бар.

Акция аясында 60 тарихи-мәдени ескерткіш, 143 саябақ пен сквер аумағы, 1 215 шақырым канал мен арық жүйесі, 132 мың аула мен 7,4 мың шақырым көше жолдары тазартылды. 21 546 тонна қоқыс шығарылды. 70 мыңға жуық көшет отырғызылды. Бұл жұмыстарға жалпы 1000-нан аса техника қатысты.

Ғалым Исақов Тараз қаласы мен Жуалы, Т.Рысқұлов, Сарысу, Талас ауданына зерделеу жүргізіліп, электр бағаналарын сырлау, шөптерді ору, ағаштарды бұталау жұмыстары атқарылмағанын жеткізді.

Облыс әкімі жауаптыларға «Таза Қазақстан» акциясы аясында құрылған телеграм-бот жұмысын күшейтіп, түскен өтінімдерге мерзімінде жауап беру бойынша тапсырма берді. Тазалықты сақтау, абаттандыру ісін назардан тыс қалдырмай, аталған кемшіліктерді ретке келтіруді ескертті.

Жамбыл облысының әкімдігі

Тегтер: Ербол ҚарашөкеевЖамбыл облысыТаза Қазақстанэкологиялық акция
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.