• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
16.09.2026, 02:18
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

ТАРИХТЫ ЗЕРДЕЛЕУ – БОРЫШЫМЫЗ

turan_admin turan_admin
07.09.2018, 14:29
Облыс жаңалықтары
ТАРИХТЫ ЗЕРДЕЛЕУ – БОРЫШЫМЫЗ
304
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жуырда Т.Рысқұлов ауданы Көгершін ауылындағы орталық саябақта ауданның 80 жылдығына орай «Ауылым — алтын бесігім» атты тағылымды шара ұйымдастырылды. Ауылдық клубтың меңгерушісі Дана Бодауованың ұйытқы болуымен өткен аталмыш шараға барша ауыл тұрғындары атсалысты. Мазмұнды кешке Көгершін ауылдық округінің әкімі Сақтасын Тастанов және ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Болат Жансеріков қатысып, өз пікірлерін білдірді.
– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ұлттық құндылықтар төңірегінде көптеген ордалы ойлар жазылған. Бүгінгі шарамыз осы рухани жаңғыру
шеңберінде ұйымдастырылып отыр. Өздеріңізге белгілі, Көгершін ауылының тарихы тым тереңде жатыр. Мәселен, ауылдың 1930 жылы құрылғанын жұрттың бәрі тегіс біле бермейді. Әсіресе, жастар жағы. Махал Елубаев, Жанқораз Нұрбеков, Рүстем Бегімбетов есімді кісілер осы ауылдың ең алғашқы тұрғындары болып есептеледі. Бұл – тарих. Ал тарихты зерделеу біздің бабалар алдындағы үлкен борышымыз деп білемін. Біз мұны білуге тиіспіз, — деді ауыл әкімі өз сөзінде.
Бұдан соң ақтарыла сөйлеген Болат Жансеріков те пайымды сөз айтты.

«Иә, біздің ауылдан шыққан даңқты тұлғалар өте көп. Алайда, қазіргі күні солардың бірді-екілісі газет беттерінде жазылып жүргенімен, көбісі тасада қалып қойып жатыр. Мысалы, «Ленин» орденінің иегері Сүйінтбек Тәуірқұлов, «Еңбек Қызыл Ту» және «Даңқ» ордендерінің иегерлері Саяқ Терсебаев, Михайл Шматко, Әбітхан Оразалиев, Иван Бондоренко, Мәлтай және Әштай Әмреевтерді өскелең ұрпақ ұмыт қалдырды. «Луговой жылқы зауытын» 24 жыл басқарған Иван Афанасьевич Финконың да еңбегі ұшан-теңіз еді. Біз аты аталған азаматтардың есімін рухани жаңғыртып, олардың еселі еңбектерін жас ұрпаққа айтып отыруымыз керек»-

деді ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы.
Бұдан кейін, ауыл тұрғындары ілкімді шараға арнайы әзірленген концерттік бағдарламаны тамашалады. Осы ретте, Қарлығаш Төреқұлова жетекшілік жасайтын «Асыл әжелер» ансамбліне, «Атамекен» әнін әуелете шырқаған Назгүл Аубакироваға, сондай-ақ, өзбек биін өзгеше нақышта билеген «Балауса» би тобы мен Бақытжан Селеусін, Ислам Айбек есімді өрелі өнарпаздарға жиылған жұртшылық ерекше ықыласпен қол соққанын айтып өткен абзал.
Марат ЖОЛДАСБЕКҰЛЫ.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Жуалы аудандық Жастар ресурстық орталығына жаңа директор тағайындалды

Жуалы аудандық Жастар ресурстық орталығына жаңа директор тағайындалды

15.09.2026, 18:09
Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

15.09.2026, 10:46
Қазақстан — PSG Academy желісіндегі 24-ші мемлекет

Қазақстан — PSG Academy желісіндегі 24-ші мемлекет

14.09.2026, 12:26
№17 Жамбыл колледжінің басшысы ауысты

№17 Жамбыл колледжінің басшысы ауысты

09.09.2026, 21:36
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жуалы аудандық Жастар ресурстық орталығына жаңа директор тағайындалды

15.09.2026, 18:09

Қазақстанда биыл 188 мың пәтерді пайдалануға беру жоспарланған

15.09.2026, 18:00

Жамбыл облысында вагон алмақ болған азамат 22 млн теңгесінен айырылды: Күдіктілер ұсталды

15.09.2026, 13:00

Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

15.09.2026, 10:46

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

15.09.2026, 10:21

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.